өмірге мемлекеттің қатысуымен;
Е. барлық жауаптар дұрыс.
4. Вавилондық патшалықтың маңызды тарихи ескерткіші болып есептеледі:
A. Артхашастра;
B. Ману заңдары;
C. Гуань Цзы;
D. Хаммурапи патшаның заңдары;
Е. Көне Өсиет.
5. Аристотель іліміндегі хрематистика дегеніміз:
A. игіліктерді үй мен мемлекет үшін сатып алуға бағытталған шаруашылықтың түрі;
B. баюға бағытталған сауда-қарыз беру капиталы қызметі;
С. материалдық игіліктерді құру процесі;
D. құн субстанциясы;
Е. жаңа теңдік нысаны.
6. Ежелгі грек философтары Ксенофонт, Платон, Аристотель құлдықты санаған:
A. табиғи және өзгермейтін жағдай;
B. уақытша құбылыс;
C. адамдар арасындағы келісімдер нәтижесі;
D. тосын жағдай;
Е. грек қоғамының ерекшелігі.
7. Орта ғасырлық экономикалық ой-пікірлердің айрықша сипаты:
A. материализм;
B. діни емес сипатта;
C. математикалық аппаратты пайдалану;
D. айқын көрінген құдайшылық сипат;
Е. кескіндемелік әдісті қолдану.
8. Ерте ортағасырлық экономикалық ой-пікірлердің сипаттық белгісі:
A. ірі сауданы қолдау;
B. қарызға беру операцияларын дамытуды қолдау;
C. сауда табысы мен пайыздың өсімін сынау;
D. құлдықты қолдау;
Е. дене еңбегіне теріс көзқарас.
9. Құранда қандай ережелер көрініс тапты?
A. сараңдық пен қомағайлықты кінәлау;
B. ысырапшылдықты сынау;
C. ақшаны пайызға беруге тыйым салынады;
D. еңбекті жоғары бағалау;
Е. барлық жауаптар дұрыс.
10. Ибн Халдунның негізгі жетістігі:
A. қалалар мәнін зерттеу;
B. қоғамның «жабайылықтан» «өркениетке» даму эволюциясын сипаттау;
C. ақшаны талдау;
D. жалақының сипаттамасы;
Е. сауда операцияларын қарау.
11. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты еңбектің авторы:
A. Әл-Фараби;
B. Ибн-Сина;
C. Бируни;
D. Ж. Баласағұн;
Е. Ибн-Халдун.
12. Қайсысы бірінші болып: түрік тілінде әлеуметтік экономикалық ойларды қарастырды?
A. Ибн-Сина;
B. Әл-Фараби;
C. Бируни;
D. Ж. Баласағұн;
Е. М. Қашқари.
МЕРКАНТИЛИЗМ: ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУ САТЫЛАРЫ
ХVІ-ХVІІ ғғ. экономика ғылымының тарихында ерекше роль атқарды. Осы кезеңде ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы орын алды; натуралды шаруашылықты нарықтық қарым-қатынастар ығыстырады; ұлы географиялық жаңалықтардан кейін нарықтың ұлғаюы жүрді; капиталдың жинақталуы жүзеге асты; өсімқорлық және көпестік капитал тез дами бастады. Ғылыми зерттеулердің сипаты да өзгерістерге ұшырайды: олар барынша зайырлы кейіпке ие болып, прагматикалық мақсаттарды қоя бастады. Экономика ғылымында бұл шаруашылық іс-әрекеттің басты мәселелері (ұлттық байлық, оны көбейтудің жолдары) талқыланған еңбектердің пайда болуынан көрінді. Қарастырылып отырған кезеңде