Баян Купешова

Фирмалар қаржысы


Скачать книгу

бағалы қағаз болып табылады.

      Акцияның құнын оның ұстаушысы тек акционерлік қоғамның жойылуынан кейін немесе оны қор биржасында өткізу жолымен алу мүмкін. Акцияны сату жағдайында салым және онымен бірге туындайтын құқық басқа ұстаушыға аударылады, ал акционерлік қоғамның заңды тұлға ретіндегі мүліктік жағдайы өзгермейді.

      Акциялар қарапайым (жай) және артықшылығы бар деп бөлінеді. Артықшылығы бар акциялар (құны бойынша) тек белгіленген жарғылық капиталдың 10 %-дан астам емес мөлшерде шығаруға болады. Артықшылығы бар акциялар кепілдендірілген табысқа құқық береді, олар бойынша дивидендтер олардың номиналды құнына пайыздармен белгіленген мөлшерден төмен емес мөлшерде төленеді [9].

      Артықшылығы бар акция иелері акционерлер жиналысында дауыс құқығына ие емес. Жай акция иелері олар бойынша табыстарды шаруашылық қызмет нәтижесіне және берілген есептік жыл нәтижесі бойынша дивидендтерді төлеуге жіберілген таза пайда сомасы туралы акционерлер жиналысының шешіміне байланысты алады.

      Жарғылық капитал мөлшері, бір акция құны, жай және артықшылығы бар акциялар арақатынасы акционерлер жиналысымен анықталады, қоғам жарғысында көрсетіледі және сәйкес мемлекеттік әділет органдарында тіркеледі. Жарғылық капиталдың кейінгі кез келген өзгерулері акционерлер жиналысымен бекітіледі және акционерлік қоғамның жарғысы алғашында тіркелген мемлекеттік әділет органында тіркелу қажет.

      Акционерлік қоғамның жарғылық капиталы жарғымен белгіленген мерзім ішінде құрылады. Төлеуге ақшалай қаражаттар, құпиялы интеллектуальды меншікті (ноу-хау) қоса алғандағы материалдық емес активтер, негізгі құралдар, басқа материалдық құндылықтар, жер және мүлік салымдары есебінен алынатын және тараптар келісімі бойынша бағаланатын құндылықтар және т.с.с. қабылданады.

      Жарғылық капитал өткізілген акциялардың номиналды құны бойынша бағаланады. Өткізілген акциялар құнының олардың номиналынан артық болуы, құрылтайшылық немесе эмиссиондық табыс бөлек ескеріледі және номиналдан төменді жабуға жіберіледі. Бұл қаражаттар қосымша капиталға кіреді.

      Жарғылық капитал оның жаңа шамасы мемлекеттік әділет органында тіркелгеннен кейін акционерлердің жалпы жиналысының шешімі бойынша төмендетіледі немесе ұлғайтылады.

      Қайта құрылған акционерлік қоғамның жарғылық капиталы өз акциялар пакетін төлеуге акционерлермен берілген ақшалай және материалдық қаражаттардың есебінен ұйымдастырылады.

      Жауапкершілігі шектелген серіктестігінің жарғылық капиталы қатысушылардың салымдар сомасын құрайды. Жарғылық қоры кредиторлар мүддесіне кепілдік беретін қоғам мүлігінің минималды мөлшерін белгілейді. Шаруашылық серіктестігінің жарғылық қорына салымы ретінде ақша, құнды қағаздар, заттар, мүліктік құқықтар, соның ішінде интеллектуалды қызмет нәтижелері және басқа мүлік түрі болады.

      Қатысушылардың жарғылық қорына салымдары табиғи түрде немесе мүліктік құқықтар түрінде барлық