алынады.
2-кесте
Экспресс-талдау үшін аналитикалық көрсеткіштер жүйесі*
*Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2001 [8].
Төлеу қабілеті тез арада өтеуді талап ететін кредиторлық борыш бойынша есеп айырысу мақсатында осы кәсіпорында ақша қаражаттары мен оның эквиваленттерінің жеткілікті дәрежеде бар екендігін көрсетеді.
Экспресс-талдау шеңберінде анықталған кассадағы және банктің есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаларды сипаттайтын баптарына көңіл бөледі. Бұл жағдай түсінікті де: олар жиынтық қолма-қол ақша қаражаттарын сипаттайды, яғни кез келген басқа салыстырмалы бағасы ғана бар мүлікке қарағанда, абсолюттік бағаға ие болатын мүлікті сипаттайды. Бұл ресурстар әлдеқайда мобильді, олар кез келген уақытта қаржы-шаруашылық қызметке енгізілуі мүмкін.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы ұзақ мерзімді келешекке арналған бағытта қаражат көздерінің құрылымымен, кәсіпорынның сыртқы инвестициялар мен кредиторлардан тәуелсіздік деңгейімен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын экспресс-талдау түрліше дайындалуы мүмкін: жиынтық көрсеткіштер қысқаша тестік есебі түрінде, аналитикалық кесте түрінде және ол осы кәсіпорынның қаржы жағдайын әлдеқайда терең әрі нақтылы талдау қажетті немесе талдаудың мақсатқа сай екендігі туралы және осы кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы қорытындымен аяқталады.
Қайталауға арналған сұрақтар
1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны бағалаудың мақсаты неде?
2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негіздеріне қандай құжаттар жатады?
3. Қаржылық жағдайды талдау әдістерін атап, оларды ашып сипаттаңыз.
4. Қаржылық жағдайды экспресс-талдау деген не?
5. Қаржылық жағдайды талдау барысында қандай көрсеткіштер анықталады?
3. ФИРМАНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ КАПИТАЛЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚҰНЫН ТАЛДАУ
3.1. Капитал мен қаржылық капиталдың анықтамалары
Қаржылық капитал – ол фирманың өндірістік айналысына салынып, ол айналыстан табыс әкелетін қаржы ресурстары. Капиталдың басым рөлі кәсіпорынның экономикалық дамуында және үкіметтің мүдделерін қанағаттандыруын қамтамасыз ету.
Меншік иесінің және персоналдың кәсіпорынның қаржылық басқаруының басты объектісі ретінде капиталды анықтайды. Ал оның тиімді қолдануының анықталуы анағұрлым жауапты қаржылық менеджмент тапсырмасына қатысты. Кәсіпорын капиталы тек ғана өзінің көп аспектілі мәнімен емес, сонымен қатар көптеген амал ретінде мінезделеді.
Капитал – активтердің құрылуына инвестицияланған материалдық және материалдық емес нысандағы кәсіпорынды қалыптастыру мен дамытудың экономикалық негізі.
Капиталдың сыныптамасы
I. Нысаны бойынша:
1. Меншікті капитал – меншік құқығындағы фирмаға