есеп өрісіндегі мәліметтер тиісті құжаттар мен тиісті шоттарда жинақталады. Американың дипломданған бухгалтерлік қоғамы институтының берген анықтамасында: «Қаржылық есеп ақшалай өлшеммен алғандағы ұйымдардың активтерін және осы активтер көздерін, сондай-ақ қаржылық қызмет бағытының өзгеруін және өзгеріске түсу фактілерінің есебін жүргізуге арналған», – делінген.
Сонымен, қаржылық есепте жинақталған ақпараттар сыртқы және ішкі пайдаланушыларға арналады. Көпшілік жағдайда қаржылық есеп ақпараттарын сыртқы тұлғалар кеңінен қолданады. Қаржылық есеп ақпараттарының көпшілігі коммерциялық құпияға жатады.
Басқарушылық есеп қаржылық есептің жалғасы ретінде өндірістік үрдіс ақпараттарын қалыптастыру мақсатына, мұның негізінде арнайы басқарушылық шешімдер қабылдауға арналған. Басқарушылық есеп өрісінде жинақталған, өңделген және жүйеленген ақпараттар іштей пайдалануға арналып, осы ұйымды басқарушылар, мұндағы ақпараттарды өндірістік үрдісті жоспарлауға, тексеру мен бағалауға, өндірістік қызметті талдауға, сондай-ақ қолда бар экономикалық ресурстардың тиімділігін арттыруға пайдаланылады. Басқарушылық есеп ақпараттары сыртқы тұлғалардың пайдалануына берілмейді және толығымен коммерциялық құпия болып саналады.
Қаржылық және басқарушылық есеп бірегей бухгалтерлік жүйесінің екі бөлігін құрайтын болғандықтан, бухгалтерлік және басқарушылық есеп өрісінде қолданылатын шоттар жоспары есептің екі түріне тән бірдей болып, ұйымдардың қозғалыстағы активті қаражаттарының есебі мен қозғалысы жағдайын жинақтауға арналған. Бухгалтерлік есептің қай түрі болмасын шоттардың динамикалық және статистикалық міндеттерін атқарады. Бухгалтерлік есептің статистикалық міндеттері қаржылық есептің мақсатын іске асыруға, ал ұйымдардың активті қаражаттарының қозғалысын бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету динамикалық есепке тән басқарушылық есеп өрісінде жүргізіледі.
Қаржылық есеп кәсіпорындардың қаржылық қызметі жөніндегі ақпараттарды жіктеуге, қаржылық мәліметтерді жүйелеуге, талдауға және зерделеуге арналған. Сонымен қатар қаржылық есеп өрісінде дайындалатын қаржылық қорытынды есеп көрсеткіштері корпоративтік және инвестициялық деңгейде қолданылатын болғандықтан қаржылық ақпараттарды бағалау мен пайдалануға беру жағдайында бухгалтерлік есепке тән жалпы ережелер мен әдіснамалар, бағалау, т.б. шаралардың барлығы да сақталуы керек.
Сонымен, қаржылық есеп ұйымдардың қаржылық жағдайын толық және дәлме-дәл ашып көрсету мен түсіндіруге арналса, басқарушылық есеп ұйымдардың әкімшілігіне, бұлардың алға қойған мақсаттарын іске асыруға қызмет етеді.
Қазіргі кезде бізде қолданылып жүрген отандық қаржылық есеп негізі шамалары бойынша халықаралық есеп стандартының талаптарына сай келеді, себебі ҚР-да соңғы жылдары бухгалтерлік есепті халықаралық тәжірибеге бейімдей отырып реформалау үрдісі белсенді жүргізілді, ол, біріншіден, негізін құраушы нарықтық қатынастар болып табылатын жаңа экономикалық жүйенің қалыптасуымен,