Баян Купешова

Фирмалар қаржысы


Скачать книгу

есепті кезеңнің басы мен соңындағы мезгілдік мәліметтердің жиынтығы болып табылады.

      6. Баланста кәсіпорынның активтерін сатып алуда тарихи бағаны қолдану принципі жүргізіледі, ол мүліктің жалпы алғанда нақты бағасын едәуір дәрежеде бұрмалайды.

      7. Баланс және қаржылық есеп берудің басқа да нысандары шаруашылық субъектісі қызметінің барлық жақтарын толығымен көрсетпейді.

      Осы шектеулерге қарамастан, бухгалтерлік баланс кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауды ақпараттық қамтамасыз етудің бірден-бір басты көзі болып табылады.

      Алайда кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізгенде баланс көрсеткіштерімен қатар қаржылық есеп берудің басқа да нысандарының көрсеткіштерін қолдану қажет, әсіресе кәсіпорынның жыл бойғы барлық табыс сомасын осы кәсіпорынның өзінің қызметін жүргізу үшін жұмсалған барлық шығындар сомасымен салыстырудан тұратын табыстар мен шығындар туралы есепті қолдану керек, оның баланстан айырмашылығы кәсіпорынның мезеттік суреті және қатып қалған қаржылық жағдайы емес, ол капитал қозғалысы, есепті кезеңдегі субъектінің қаржылық нәтижесі болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның балансына қарағанда, бұл құжат бағалаушы адам үшін анағұрлым маңызды және ақпараттық болып табылады. Ол бұл кәсіпорын табыс немесе шығын әкелетіндігін анықтау үшін табыстар мен шығындар туралы жеткілікті мөлшерде бөлініп алынған анық көрсеткіштердің көмегімен белгілі бір кезеңдегі кәсіпорынның қызмет нәтижесіне баға береді. Батыс тәжірибесінде, баланстық есеп берудің басты нысаны ретінде бөліп қарастыратын біздің елге қарағанда, табыс және шығын туралы есепке біршама басымдылық берілуі кездейсоқ емес. Атап айтқанда, дәл осы үлгі америкалық, ұлыбританиялық және жаңазеландиялық фирмалардың жылдық есебінде бірінші болып келтіріледі. Мұның түптамырын психологиялық тұрғысынан іздеген жөн, табыс батыс фирмалары қызметіндегі маңызды көрсеткіш болып табылады, олар сондықтан да оны ең алдымен сыртқы пайдаланушыларға әйгілеп көрсетуге тырысады.

      Субъект қызметінің қаржылық нәтижесі туралы есеп бухгалтерлік есептің № 3 «Табыстар мен шығындар туралы есеп» стандартымен анықталады. Онда заңды тұлғаларды рет-ретімен құру және ұсыну мақсатында табыстар мен шығындар жөніндегі есептің баптарын жіктеу және есепке алудың тәртібі көрсетіледі, бұл өз кезегінде заңды тұлғаның әр мезгілдегі есептік кезеңдердегі қаржылық есебі мен түрлі заңды тұлғалардың қаржы есептерін салыстыруға мүмкіндік береді.

      Сондай-ақ стандарт, негізгі қызметтен алынған табыс пен шығынды, төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан болатын табыс пен шығынды, есеп кезіндегі есептік бағаның, есеп саясатының өзгеруінен және қаржылық есептегі елеулі қателерді түзетуден болатын әртүрлі табыс және шығындарды ашудың тәртібін анықтайды.

      Табыстар мен шығындар баптарының арасын ажырату да субъекті жұмысының нәтижесін көрсетуге мүмкіндік береді. Есепті кезеңде табылған табыстар мен шығындардың барлық баптары есепті кезеңнің таза табысын немесе шығынын анықтау барысында есепке алынады. Осылайша, кәсіпорынның табыстар мен шығындар туралы