кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдайды және бағалайды: түсім, өткізу көлемі, өтімділік пен рентабельділікті қолдау бойынша жоспарланған тапсырмаларды орындау. Сонымен қатар нарық конъюктурасы, контрагенттік және ұқсас кәсіпорындардың көрсеткіштерін бақылай отырып, қаржылық көрсеткіштерді болжап отырулары керек. Осы бөлімнің мамандары ұсынылатын инвестициялық жобаларға бағалау жасай алады.
Негізгі жоспарлы құжаттарды дайындаумен қаржылық жоспарлау бөлімі айналысады: кірістер мен шығыстар балансы, ақша қаражаттары қозғалысының бюджеті, активтер мен пассивтердің жоспарлы балансы. Жоспарлау үдерісінің ақпараттық негізі – аналитикалық және оперативті бөлімдердің, бухгалтерлік есептің, басқа да фирманың экономикалық қызметтерінің, сонымен қатар нормативтеу мен нұсқаулық мәліметтерінің көрсеткіштері.
Қайталауға арналған сұрақтар
1. Фирма қаржыларын басқару мақсаты мен міндеттерін ашып, анықтама беріңіз.
2. Фирма қаржысын басқару қызметтерін атаңыз.
3. Фирмадағы қаржылық жұмысты ұйымдастыру орындары мен олардың қызметі туралы не білесіз?
4. Қазақстан Республикасында фирмалар қандай кәсіпкерлік нысандарда қызмет жасайды?
5. Қазақстан Республикасында кәсіпкерлікті қолдаудың қандай шараларын білесіз?
6. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму динамикасын анықтаудың ақпараттық көздерін атаңыз.
2. ФИРМАНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕБІН ТАЛДАУ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Қаржылық жағдайдың мәні және оны бағалаудың мақсаты
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» немесе «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әртүрлі түсіндіріледі. Профессор А.Д. Шеремет «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен (меншіктік капитал және міндеттемелер, яғни пассивтер) сипатталады» деп жазған [2].
Профессор И.Т. Балабанов: «Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы – бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын бағалаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу», – деп жазды [3].
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға