Қарлығаш Мұхтарова

Кәсіпкерліктегі менеджменттің көпфункционалды үлгілері


Скачать книгу

министрлігінде қызмет атқарған Чарльз Дж. Хитч былай деп айтқан: «Өзімнің жеке тәжірибемнен білетінім – жүйелі сараптама маманы үшін ең қиыны – сараптама техникасы емес. Іс жүзінде, қорғаныс министрлігі бюросында біз қолданатын әдістер қарапайым және заманауи да емес. Тиімді және өнімді сараптаушы мақсатты құру (жобалау) қабілеті».

      Басқару мәселенің бар екенін білгенімен, нақты мәселе анықталды деуге болмайды. Басқарушы симптомдарды себептерден ажырата білуі керек.

      Мысал ретінде, тапсырыстарын уақытында қанағаттандырмағаны үшін аптекалардан көптеген арыз қабылдайтын фармацевтикалық компанияны қарастырайық. Нақты мәселе, шын мәнінде, тапсырыстың кешігуінде емес. Мәселені зерттеу барысында тапсырыстар фирманың үш өндіруші өнеркәсібіндегі қиындықтардың нәтижесінде кешігетіні анықталды. Бұл материалдар мен қосалқы заттар қажеттілігін сапасыз болжау нәтижесіндегі химиялық реагенттер мен жабдыққа қажетті қосалқы бөлшектердің жетіспеушілігімен байланысты болған.

      Үлгіні құру. Дұрыс қойылған мақсаттан кейінгі процесс – үлгіні құру болып табылады. Құрушы (жобалаушы) басқарушыларға олардың алдында тұрған мәселені шешуге көмектесу үшін үлгінің басты мақсатын, шығыс нормативтерін және қандай қажетті ақпаратты алу керектігін анықтап алуы қажет. Егер жоғарыда келтірілген мысалды жалғкастыратын болсақ, онда шығыс ақпараты бізге уақыттын дәл нормативтерін және тапсырысқа тиісті материалдар мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметті беру керек.

      Басқару ғылымының маманы басты мақсатты қоюға қосымша осы мақсаттың талаптарына жауап беретін және қажетті мәліметті бере алатын үлгіні құру үшін қандай ақпарат қажет екенін анықтап алу керек. Біздің жағдайда, қажетті ақпарат ретінде әрбір реагент үшін керек-жарақтың толық болжамы, өнімнің әр түрінде сатып алынатын материалдардың сипаты, жабдық бөлшектерінің қызмет мерзімі, т.б. мәлімет бола алады. Қажетті ақпарат көптеген ақпарат көздерінде шоғырлануы да мүмкін.

      Үлгіні құру барысында ескеруге тиісті басқа факторларға шығындар және адамдардың реакциясы жатады. Мәселені шешуге арналған үлгі мәселенің өзінен қымбат тұратын болса, онда ол ұйымның мақсатына жетуге еш пайдасын тигізбейді. Осылайша, тым күрделі үлгі соңғы тұтынушылармен қауіп ретінде қарастырылып, олармен жоққа шығарылуы мүмкін. Сондықтан, тиімді үлгіні құру үшін басқарушылар мен басқару ғылымының мамандарына бірлесіп жұмыс істеп, әр жақтың қажеттіліктерін ескеру керек. Ғылыми басқарудың мектебі осындай потенцииалды мәселелердің бар екендігін мойындайды.

      Үлгіні дәлдікке тексеру. Үлгіні құрғаннан кейін оны дәлдікке тексеру керек. Тексерудің бір аспектісі болып үлгінің нақты өмірге (әлемге) ұқсас болу деңгейін тексеру саналады.басқару ғылымының маманы үлгіге нақты өмірдегі жағдайдың барлық құрамаларының енгізілгенін тексеріп, анықтау керек. Егер мәселе күрделі болса, онда ол жеңіл іс емес. Көптеген басқару үлгілерін тексеру барысында, олар релевантты өзгермелілерді қамти алмағаны анықталды. Әрине, егер үлгі қолданыста