Т. Омарбеков

Ортағасырлардағы Қазақстан тарихы


Скачать книгу

аварлардан, яғни жужандардан шығарып шатасты. «Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» десекте, мынаны ескеруіміз керек: ХVІІ ғасырдағы шежірелік деректерде Үйсіндердің үшке – Сарыүйсіндерге (Сары түргештерге), Қара үйсіндерге және Ал (Қызыл) үйсіндерге бөлінетіндері белгілі. Кейініректе олардың ықпалымен батыстағы көршілері Қаңлылардың бір бөлігі Сары қаңлылар аталса, арада екі ғасырдан соң шығыстан көшіп келген солтүстіктегі Қыпшақтардың бір бөлігі де Сары қыпшақтар аталып кетті.

      Егер Сары үйсіндерге, қосымшада көрсеткеніміздей, Түргештер жатса, ал соңғы екеуіне – Қара және Қызыл үйсіндерге Бес түрік Дулу бірлестігін құраған қалған төрт тайпалық әскери-әкімшілік бірлестік екіге бөлініп қараған. Олардың қытай жылнамасында көрсетілген аттары – Қойлау, Шимуген, Шыти, Шаныш. Бұлар Шу өзенінің батысындағы Қаңлылар ықпалындағы аймақтарды әскери-әкімшілік тұрғыдан біріктірген бес Нүшбе одағымен бірге «Он оқ елі» депте аталатын. Жоғарыда айтылған деректерді талдаған, байырғы тарихымызды Қытайда тұрып жазып кеткен, әйгілі зерттеуші Нығмет Мыңжан: «Түркештер – Батыс Түрік қағанатындағы бес арыс ел Дулудың белді тайпасы» деген тұжырымға келген еді. Мұның тарихи шындық екенін қытай деректерімен дәлелдеп Ә.Дәулетхан бауырымыз осы мәселеден диссертациялық еңбекте қорғады. Тағы бір назар аударарымыз: VІІІ ғасырдағы Бес түрік Дулу құрамындағы Түргештерді Алаш атты тарихи тұлғаның басқарғаны. Дулу бірлестігінде, және жалпы Түркі қағанатында қабылданған саяси жүйеге сәйкес, жергілікті тайпа бірлестіктерін басқаратындар «чор» деген лауазымға ие болатын. Сондықтан да бұл этно-саяси бірлестік қытай жылнамаларында «Түргеш-Алаш-чор ұлысы» депте көрсетілген. Қорыта келгенде айтарымыз, «Алаш» атауы VІІІ ғасырда «Түргеш» этнонимінің синониміне айналса, ал ХV ғасырдан кейін «Қазақ» этнонимі «Алаш» этнонимінің синониміне айналды.

      Батыс түрік қағанаты күшті мемлекет ретінде нығайған VІІ ғасырда Түргештер Тарбағатайдың батысынан Іле мен Шу өзендері аралығына дейінгі аралықта өздеріне туыстас Кергештермен бірге көшіп-қонып жүрді және олардың рубасылары біртіндеп Батыс түрік қағанатындағы билікті басып алды. Түргештердің дербес қағанаты 699 жылы негізделді. Оның алғашқы билеушісі Үшелік (Л.Гумилевте-Учжилэ) қаған еді. Ол туралы, және оның қаған тағына қалай отырғаны туралы қытай жылнамаларында төмендегідей түсініктеме берілген: «Түргеш Үшелік – Батыс түріктің басқа бір бұтағы. Ол бұрын Құжыраның (Н.Мыңжанда-Ашына Құслы-Т.О.) қол астында Баға тарқан болған еді. Кейінірек Құшыра жазаның рахымсыз түрлерін қолданғандықтан, бұхарасы одан бойын аулақ салды. (Үшелік) өз ұлысына ерекше жанашыр болғандықтан, алыс-жақындағы Хулардың(қытайлықтар түркітелдестерді ұнатпай, осылай атаған-Т.О.) бәрі оған берілді. Оның қол астында әрқайсысы 7000 сарбазға қолбасшылық ететін 20 тұтықтық құрылды. Бұлар Суябтың солтүстік-батысына ірге теуіп, кейінірек бірте-бірте Суябты басып алып(қытай жылнамалары бұл оқиғаның 691 жылы болғанын