Жанар Оралбаева

Экономикалық талдау негіздері


Скачать книгу

ұйымның жабдықтау, өндіру және сату сияқты сегменттерін зерттей отырып, материалдық және ақшалай ағымдарды жылдамдатуға әсер етеді. Оның көмегімен ұйым «дәл уақытында» деген қағиданы пайдалана отырып жабдықтау, өндіру және сатуды ұйымдастыру есебінен шығындарды азайтуға мүмкіндіктер алады.

      8. Экономика-экологиялық талдау – қоршаған ортаны қорғау органдары, ұйымның экономика бөлімдері тарапынан экологиялық және экономикалық процестердің қоршаған ортаны сақтау және жақсартумен, сонымен бірге экологияға бөлінген шығындармен байланысты өзара іс-әрекеттерді зерттеу мақсатымен жүргізілетін талдау.

      V Объектілерді зерттеу әдістері бойынша:

      1. Сапалық талдау.

      2. Сандық талдау.

      3. Экспресс-талдау.

      4. Фундаменталды талдау.

      5. Маржиналдық талдау.

      6. Экономика-математикалық талдау.

      1. Сапалық талдау – зерттеліп отырған құбылыстар мен процестерді эксперттік бағалауға және сапалық салыстырмалық сипаттамаларға негізделген талдау.

      2. Сандық (факторлық) талдау – экономикалық құбылыстардың әртүрлі факторлардың әсер етуінен өзгеру сезімталдығының деңгейін зерттеуге және сандық салыстыруларға негізделген талдау.

      3. Экспресс-талдау – белгілі бір нақты экономикалық құбылыстарға тән типтік белгілер негізінде ұйым экономикасының жағдайын диагностикалау үшін жүргізілетін талдау.

      4. Фундаменталды талдау – математикалық әдістерді пайдалана отырып зерттеліп отырған құбылыстардың мәнін терең және кешенді зерттеу үшін жүргізілетін талдау;

      5. Маржиналдық талдау – шығындарды тұрақты және ауыспалы деп бөле отырып, өзіндік құн, сату және пайда көлемдерінің себеп-салдарлық өзара байланыстарын зерттеу негізінде ұйымдағы басқару шешімдерінің тиімділігін бағалау және негіздеу үшін жүргізілетін талдау.

      6. Экономика-математикалық талдау – экономикалық міндеттерді шешудің неғұрлым оптималды нұсқаларын таңдау арқылы қолда бар ресурстарды неғұрлым толық пайдалану есебінен өндіріс тиімділігін жоғарылату резервтерін іздестіру мақсатымен жүргізілетін талдау.

      VI Субъектілері (пайдаланушылары) бойынша:

      1. Ішкі талдау (ұйым ішінде құрылған арнайы талдау бөлімдерінің жүргізілетін талдауы);

      2. Сыртқы талдау (банктер, инвесторлар, аудиторлық компаниялардың жүргізетін талдауы).

      VII Зерттеу объектілерін қамту деңгейі бойынша:

      1. Тұтастай жүргізілетін талдау;

      2. Іріктемелі талдау.

      Тұтастай жүргізілетін талдау кезінде талдау жүргізілетін барлық объектілер толық зерттелгеннен кейін ғана қорытындылар жасалатын талдау.

      Іріктемелі талдау – объектінің бір бөлігін ғана зерттеу нәтижелері бойынша қорытындылар жасау үшін жүргізілетін талдау.

      VIII Бағдарламаның мазмұны бойынша:

      1. Кешенді талдау – жан-жақты жүргізілетін талдау.

      2. Тематикалық (тақырыптық) талдау