Жанар Оралбаева

Экономикалық талдау негіздері


Скачать книгу

талдау әдісі аналитикалық зерттеулердің бірқатар нақты әдістемелерін қолдануды қарастырады.

      Экономикалық талдау әдістемесі – бұл ұйым қызметіндегі экономикалық құбылыстар мен процестерді зерттеудің аналитикалық тәсілдері мен ережелерінің жиынтығы.

      Экономикалық талдау әдістемесінің негізгі екі элементі бар:

      1. Талдау технологиясы (аналитикалық жұмыстарды орындау тізбектілігі);

      2. Объектілерді зерттеу тәсілдері.

      Талдау технологиясы мынандай кезеңдерден тұрады:

      1. Талдау объектісі, мақсаты мен міндеттері нақтыланады, аналитикалық жұмыс жоспары жасалады.

      2. Талдау объектісі сипатталатын синтетикалық және аналитикалық көрсеткіштер жүйесі жасалады.

      3. Талдауға қажетті ақпараттар жинақталады.

      4. Нақты нәтижелер жоспар көрсеткіштерімен салыстырылады.

      5. Факторлық талдау жүргізіледі: факторлар анықталады және олардың нәтижеге әсер етуі анықталады.

      6. Өндіріс тиімділігін жоғарылату резервтері анықталады.

      7. Әртүрлі факторлардың анықталған резервтерге әсер етуін ескере отырып, ұйымның қаржылық нәтижесі бағаланады.

      Экономикалық талдау әдістемесінің маңызды элементі – объектілерді зерттеу тәсілдері болып табылады (талдау құралдары). Олардың ішінде кең түрде қолданылатын келесідей дәстүрлі логикалық тәсілдерді атауға болады: салыстыру, графиктік, баланстық, орташа және қатысты шамалар, топтастыру және т.б.

      Ұйым нәтижесіне әсер ететін факторларды зерттеу үшін тізбектелген қойылымдар, абсолюттік айырма, қатысты айырма, интегралдық әдістер қолданылады.

      2 . Факторлық талдау әдістемесі

      Ұйым қызметіндегі барлық құбылыстар мен процестер бірбірлерімен өзара байланыста, өзара тәуекелділікте болады, яғни олар тікелей және жанама байланыстарда болуы мүмкін. Мысалы, ұйым пайдасының көлеміне сату көлемі мен құрылымы, баға, өзіндік құн сияқты факторлар тікелей әсер етуі мүмкін, ал басқа факторлардың барлығы осы көрсеткішке жанама түрде әсер етеді.

      Әрбір құбылыс себеп және нәтиже ретінде қарастырылуы мүмкін. Соған байланысты, егер қандай да бір көрсеткіш бірнеше себептердің әсерінен нәтиже ретінде қарастырылса және ол зерттеу объектісі ретінде көрінсе, онда өзара байланыстарды зерттеу кезінде оны нәтижелік көрсеткіш деп атайды. Ал нәтижелік белгіні анықтайтын көрсеткіштер факторлық көрсеткіштер деп аталады.

      Әрбір нәтижелік көрсеткіш көптеген факторларға тәуелді болады. Нәтижелік көрсеткішке факторлардың әсер етуі неғұрлым терең зерттелген сайын, талдау нәтижесі соғұрлым нақты болады. Сондықтан да экономикалық талдау маңызды әдістемелік сұрақтарының бірі зерттеліп отырған көрсеткіштердің көлеміне әсер ететін фак-торларды анықтау болып табылады.

      Факторлық талдау дегеніміз – нәтижелік көрсеткіштердің көлеміне әсер ететін факторларды кешенді және жүйелі түрде зерттеу және анықтау әдістемесі.

      Факторлық талдау келесідей типтерге бөлінеді:

      – детерминантталған (функционалды) және стохастикалық (корреляциялық);

      – тура (дедуктивті) және кері (индуктивті);

      – бір сатылы және