Жанар Оралбаева

Экономикалық талдау негіздері


Скачать книгу

жанама анықтайтын факторлар екінші деңгейлі факторлары деп аталады және бірінші деңгейлі факторлар болып жұмысшылардың орташа жылдық саны және бір жұмысшығак келетін орташа жылдық өндірілген өнім көлемі болып табылады. Бір жұмысшының жұмыс істеген күндерінің саны және орташа күндік жұмыс сағаттары – жалпы өнімге қатысты екінші деңгей факторлары. Үшінші реттегі факторларға жұмыс күнінің ұзақтығы және орташа сағаттық жұмыс өнімділігі жатады.

      Нәтижелі көрсеткіштерге жеке факторлардың әсері сандық түрде анықталуы мүмкін. Сонымен бірге толық факторлар қатары бар, олардың әсері кәсіпорын қызметі нәтижесіне қатысты емес, мысалы, жұмысшыларды тұрғын үймен, балалар мекемесімен, кадрлар дайындығы деңгейімен қамтамасыз етілуі және т.б.

      Шаруашылық қызметті талдаудағы жүйелі түрден келу факторларды, олардың ішкі және сыртқы байланыстары, өзара қызметтілігі және өзара басқарушылығы есебімен өзара байланысты зерттелуін талап етеді, бұл оларды жүйелендіру арқылы жүзеге асырылады. Толығымен жүйелендіру – зерттелетін құбылыстар мен объектілерді анықталған тәртіпте, олардың өзара байланыстылығы және қалауындағыларды анықтаумен орналастыру.

      3. Экономикалық талдауда қолданылатын ақпараттарды өңдеу әдістері

      Экономикалық талдауда ақпараттарды өңдеудің келесідей әдістері қолданылады:

      – салыстыру әдісі;

      – ақпараттарды топтастыру әдісі;

      – баланстық әдіс;

      – эвристикалық әдіс;

      – анықталған мәліметтерді кесте және график түрінде көрсету әдісі.

      Салыстыру әдісі – экономикалық талдауда кең түрде қолданылады. Оның көмегімен зерттеу объектісінің өзгеру деңгейі анықталады.

      Экономикалық талдауда салыстырудың келесідей типтері қолданылады:

      Қол жеткізілген нақты нәтижені өткен кезең мәліметтерімен салыстыру, яғни бүгінгі күнгі нәтиже өткен кезеңдермен (күн, ай, тоқсан, жыл) салыстырылады. Бұл зерттеліп отырған көрсеткіштердің өзгеру қарқынын бағалауға мүмкіндіктер береді. Мысалы, ұйымның негізгі көрсеткіштерінің динамикасын келесі кесте түрінде көрсетейік.

      1-кесте

      Ұйымның негізгі көрсеткіштерінің динамикасы

      Салыстырылып отырған жылды базистік жылға бөліп 100 пайызға көбейтеміз, мысалы, 2010/2009*100.

      Яғни, 3 жылдың ішінде өндіріс көлемі 1 пайызға артқан. Бұл көрсеткішке жұмыскерлердің санын азайта отырып, еңбек өнімділігін жоғарылатумен қол жеткізілген.

      Нақты көрсеткіштерді жоспарлық көрсеткіштермен салыстыру. Бұндай салыстыру жоспардың орындалу деңгейін бағалау үшін және ұйымның пайдаланылмаған резервтерін анықтау үшін қажет. Мысалы, өндіріс көлемі бойынша жоспардың орындалуын келесі кесте түрінде талдайық.

      2-кесте

      Өндіріс көлемі бойынша жоспардың орындалуы

      Жұмсалған шығындарды бекітілген нормамен салыстыру (шикізаттар,