Клара Қабылғазы

Телерадиожурналистика


Скачать книгу

ауыстырылды. Бұл радио әлемдік радиолардың бай тәжірибелерінен үлгі ала отырып, даму үстінде келе жатыр. Қазақстан Республикасының ақпарат айдынындағы Қазақ радиосының рөлі зор екендігін осы саланы зерттеуші ғалымдар айқындап берді. Осы үрдіс жалғасын табуда. Қазақ радиосы мен «Шалқар» радиосы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын насихаттап, жүйелі түрде ақпараттық қолдау көрсетіп, республиканың мәдени, экономикалық, әлеуметтік, т.б. салаларда алға басуына лайықты көмек көрсетіп келе жатқан ақпарат құралдары.

      Қазақ радиосы бағдарламалары негізінен қазақ және орыс тілдерінде, сондай-ақ Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің тілдерінде жүргізіледі. Атап айтқанда, түрік, неміс, татар, корей, ұйғыр, әзірбайжан халықтарының өз тілдерінде бағдарламалар жүргізуіне мүмкіндіктер жасалған. Ел халқының 88,74 пайызы осы арнаның хабарларын 24 сағат бойы тыңдауға мүмкіндіктері бар. Ал «Шалқар» ұлттық арнасы күн сайын 18 сағаттан әдемі әуен мен ұлттық мүдде тұрғысындағы мазмұнды хабарлар ұсынады. «Шалқарды» ел тұрғындарының 62,04 пайызы тыңдай алады. Бұл арна қазақ халқының форматты радиосы ретінде қалыптасқан, әлі де сол тұғырынан таймай, ұлтқа қызмет етуде. Қазақ радиосы республикадан тысқары жерлерге де, Ресей мен Қытайдың, Өзбекстан мен Қырғызстанның шекаралық аймақтарына хабар таратады. «Шалқар» ұлттық арнасының хабарлары елдің ірі қалаларына тарайды. Интернеттегі http://kazradio.kz/ сайты арқылы Қазақ радиосының, «Шалқар», «Астана» және «Классик» радиоларының хабарларын он-лайн режимінде тыңдау қамтамасыз етілген. Қазақ радиосы хабарлары Астана мен Алматыдан берілетін радио хабарынан және облыс орталықтары хабарынан тұрады. Хабарлар ұзын, орта, қысқа және ультрақысқа толқындарда жұмыс істейтін радиостанциялары арқылы таратылады. Бағдарламалар жедел ақпараттан (жаңалықтар, шолулар, репортаждар, т.б.), қоғамдық-саяси, экономикалық, ғылыми, білім беру, әдеби-драмалық, музыкалық, спорттық және басқа хабарлардан құралады.

      Егемен Қазақстандағы демократиялық қайта жаңғыруларды, экономикадағы, әлеуметтік және мәдени салалардағы ілгерілеушіліктерді шынайы тұрғыда көрсету – ұлттық арна ретінде Қазақ радиосының басым бағыты болмақ. Арнаның алдында мемлекеттік саясатты елді мекендердің барлығына, алыс түпкірлерге шапшаң жеткізу міндеті бұрын да болған, қазіргі кезеңде де тұр. Қазақ радиосының музыкалық форматы ұлттық және әлемдік музыкадан тұрады. Бұл формат бізге қазақстандық вокал мен операның шеберлерін ғана емес, әлемдік классика мен бүгінгі таңдағы музыканың барлық бағыттарын рок, кантри, джаз, хит және т.б. сөз ететін музыкалық бағдарлама жасауға еш кедергі келтірмейді. Қазақ радиосының негізгі міндеті – мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі тапсырысты орындап, эфирдегі сөз арқылы Тәуелсіз Қазақстанның еліміздегі және әлемдік қауымдастықтағы жаңа, сан қырлы бет-бейнесін қалыптастыру. Қазақ радиосы өзінің тарихи ақпараттық борышын орындай отырып, мемлекеттік саясатты