Клара Қабылғазы

Телерадиожурналистика


Скачать книгу

дейінгі қашықтықты және бағытты анықтауда, атмосфераның жоғарғы қабаттарының, планеталардың құбылысы жайлы деректер де алуға қолданылады. Радиобайланыста қолданылатын толқындар анықтамасы: ұзын толқын – шақырымдық, ұзындығы – 1-20 шақырым, жиілігі – 148-408 кгц. Қалалы, таулы жерлерде қолдануға ыңғайлы. Ең ұзақ таралуы – 2000 шақырым. Орта толқын – гектометрлік, ұзындығы – 575-187 метр, жиілігі – 535-1605 кгц. Бұл толқын күндізгіге қарағанда түнде жақсы таралады. Демек, алыс қашықтықтарға радиобайланыс көбінесе түнде таралады. Қысқа толқын – декаметрлік, толқын ұзындығы – 90-11 метр, жиілігі – 3,95-26,1 кгц. Бұл толқын көбінесе шетелдерге хабарлар тарату үшін қолданылады. Ғарыштық байланысқа жарамайды. Ультрақысқа толқын – (УКВ – 1, УКВ – 2, ҒМ) метрлік, ұзындығы – 4,6-2,8 метр, жиілігі – 65,9-108 мгц.

      ҒМ радиостанцияларының біздің елімізде жұмыс істей бастағанына біршама уақыт болды. Алайда өздерінің жоғары сапалылығымен эфирді жаулап алды. Көптеген үлкен қалалар радиостанциялары осы толқынмен хабар таратады. Секундына 300 мың км/секунд жылдамдықпен таралатын радиотолқындардың жердің бетімен таралатындары – жоғары толқындар деп аталады. Ал әртүрлі бұрыштарға, тұйықтарға таралатын толқын – кеңістік толқындар деген атауға ие. Әуе кеңістігі бірқалыпты емес. Төменгі 10-15 шақырымдағы қабат тропосфера, ал жоғары қабаттағы 500-ден 600 шақырымға дейінгі аралық ионосфера деп аталады. Ауа жай тұрған күйінде электр тогын өткізбейді, ал күн сәулесінің әсерінен ионизация процесі өткен соң ток өткізгіштік қасиетке ие болады. Осы иондану кезінде радиотолқындар бағытына өзгеріс енеді. Олардың мүлде өшіп қалуы, шағылуы, бұрылуы сияқты әсерлері толқынға ион жасайды. Атмосферада неғұрлым иондану көп болса, соғұрлым радиотолқындардың қисаю процесі көбейеді. Ал жердің қисық траекториясына қарай радио толқындар қисық пішін алуы рефракция деп аталса, ал толқын алдындағы кедергіге кездесіп, ол бағытынан бұрылады, яғни дифракция процесі өтеді. Радиотолқындардың шағылуы, жаңғырықтың пайда болуы радиолокацияның негізі болады. Көрінбейтін заттардың тұрған жерін радиотолқындар әсері арқылы анықтау радиолокация деп, ал оған пайдаланылатын құралдар радиолокатор деп аталады. Бұл құралдар көбінесе әскери техникада, көлік инспекцияларында қолданылады. Радиолокацияда радиопередатчиктен антенна арқылы таралған радиотолқын кез келген заттан, әсіресе электр өткізгіш заттардан тез шағылады. Мысалы, ұшақтар, кемелер, су асты қайықтары, т.б., яғни радиопередатчиктің антеннасы арқылы тараған толқын алдындағы объектіден жан-жаққа шағылды, бірақ энергияның бір бөлігі бұрынғы шыққан жеріне қайтып, қабылданғыш антеннаға келеді. Радиотолқынның бір секундтағы жылдамдығы үшін жүз мың шақырымға тең. Қазіргі кезде осы толқын жылдамдығынан да тез ұшатын ұшақ ойлап шығарылып отыр. Әрине, адамзат ой-қиялының шарықтау шегінде тұрған кезеңде электронды техниканың дамуының да заңды құбылыс екені айқын. Радиотолқындар микросекундтарымен яғни секундтық миллиондық өлшемімен өлшенеді, ондай