Клара Қабылғазы

Телерадиожурналистика


Скачать книгу

емес. Ал келіп жеткен дыбыс толқындағы тербеліс жиілігіндей жиілікпен дыбыс толқындарын туғызады. Олар миға дыбыс сигналы болып жетеді. Дыбыс әртүрлі болады. Әйел дауысы, ер кісі, бала дауысы болып бөлінеді әрі олардың өзіндік ерекшеліктері бар.

      Дыбыс тоны. Дыбыстардың естілуіне қарай төменгі, жоғарғы тонды дыбыстар болып бөлінеді. Мысалы, барабаннан шыққан дыбыс төменгі тонды, ал ысқырықтан шыққан дыбыстар жоғарғы тонды болып саналады. Жоғарғы тонды дыбыстарға тербілістің үлкен жиілігі сәйкес келеді. Дыбыс толқынындағы тербелістер жиілігі дыбыс тонын анықтайды. Бір ғана түрлі жиілікте толқын шығаратын ерекше дыбыс көздері болады, бұл таза тонды дыбыс болып саналады. Дыбыстың мұндай түрін шығаратын құрал – камертон деп аталынады. Камертонның көлемі неғұрлым үлкен болса, оны соққанда шығатын дыбыс соғұрлым төмен болады.

      Дыбыстың шағылуы. Дыбыс толқыны қандай бір ортада болмасын тарала отырып, белгілі бір уақытта осы ортаның шекарасына жетеді, ал оның соңынан дыбыс жылдамдығы басқа бөлшектерден тұратын өзге бір орта басталады, осындай шекарада дыбыс толқындарының шағылу құбылысы жүзеге асады. Шағылудың себебі шекараға толқын әкелген тербеліс екінші ортаның бөлшектеріне беріліп, өздері жаңа дыбыс толқынының көздеріне айналады. Бұл толқын тек екінші ортаға ғана таралып қоймайды, сонымен бірге алғашқы толқын келген бірінші ортаға да тарайды. Міне, осы процесс толқынның шағылуы деп аталады. Бұл құбылыс жаңғырықпен байланысты. Қандай да бір дыбыс көзінен сигнал беріліп, оның шыққан уақыты белгіленіп, қабылданған мерзімнің арасындағы уақыт өлшенсе, кедергіге дейінгі қашықтықты табуға болады. Ультрадыбыстық толқындар табиғаты жағынан дыбыс толқынына ұқсағанымен адам оны дыбыс тәрізді қабылдай алмайды, өйткені оның жиілігі 20 гц-тен артық. Ондай дыбыстарды қабылдайтын және шығаратын белгілі бір тіршілік иелері бар екендігі ғылымда дәлелденген. Ультрадыбыс толқындарының басты ерекшелігі оларды дыбыс көзінен белгілі бір бағытпен тарататындай етіп бағыттауға болады.

      Дыбыстың жұтылуы. Бұл дыбыс энергиясының энергияның басқа түріне қайтымсыз айналу процесі. Дыбыстың жұтылуы жиілікке тәуелді болады. Сондықтан да жоғары жиіліктегі ультрадыбыс пен гипердыбыс қысқа қашықтыққа таралады. Атмосферада, суда және жер қыртысында инфрадыбыс толқындары аз жұтылатын болғандықтан алысырақ қашықтыққа жетеді [35].

      Әдебиеттер

       Негізгі:

      1. Қабылғазина К. Аудиотехника және радиохабарлардың технологиясы. – А., 1999.

      2. Машкова Г.Г., Степанов С.И. Основы радиотехники. – М., 1992.

      3. Энциклопедический словарь юного техника. – М., 1997.

      4. Справочник по радиовещанию / А. Выходецтің жетекшілігімен. – М., 1999.

      5. Рытин Э.А. Техника и методика электронных средств журналистики. – М., 1994.

       Қосымша:

      1. Бродский М. Аудеовидео магнитофоны. – М., 1995.

      2. Никонов В. Эксплуатация и применение электронных