Коллектив авторов

Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ


Скачать книгу

шалатын еді. «Брест бітімі» деген болыпты деген сөзді тарихтан еститінбіз. Сол «Брест» деген сөзді 1939 жылдың аяғынан бастап жиірек еститін болдық. «Біздің жақтың әскерге алынған адамдары Брестке барыпты», «Пәленшеден Брестен хат келіпті» деген сөздер жиі айтылатын. Бірақ, сол Бресті көреміз-ау, өз тарихымыздың бір тарауына айналады-ау деген ой ешқашанда келмеген болатын.

      Сол Бресті өз басым екі рет көрдім. Бірінші рет 1944 жылы шілде айының аяғында. Сол шілденің 20-26-сы күндері 70-армия қиян-кескі шабуыл жасап, Брест қаласы мен Брест қамалын фашистерден азат етті. Мен 70-ші армияға қарасты 14-ші атқыштар дивизиясыньщ 226-шы артиллерия полкында зеңбірек командирі едім. Артынан Жоғарғы бас Қолбасшының бұйрығымен Брест қаласын жаудан азат еткен құрамаларға «Брестік» деген құрметті атақ берілді. Біздің құрамымыз «1-ші Брестік Қызыл Тулы атқыштар дивизиясы» болып аталды.

      Екінші рет 1974 жылы Брест қаласының азат етілуіне 30 жыл толуына байланысты салтанатқа қатысуға шақырылдым. Бұл сапарымда 20 күн Бресте болып, Брест қаһарман-қамалының тари- хымен таныстым. Қазақстаннан Брест маңында үш мыңдай адам болған екен. Солардың ішінде өз ауылымның адамдары болғанын да анықтадым. Соғыс басталар алдында Брест айналасында 42-ші және 6-ші атқыштар дивизилары тұрған. Сол екі дивизия коммунистерінің тізімі қолыма түсті. Солардың ішінен партия мүшелігіне кандидат болып қабылданған Захан Ескендіров пен Ғаббас Жұматов деген екі фамилияны дәптеріме көшіріп алдым. Ескендіровпен ол кісі Оңтүстік Қазақстан облысы атқару комитетінің төрағасы болып жүрген кезде кездестім.

      Ал Ғаббас Жұматовты Алматыдан таптым. Сөйтсем Ғабекен екеуміз соғыстан кейін Алматыдағы Қазақ университетінде қарайлас оқыппыз. 1949 жылы мен – филология факультетін, 1950 жылы – тарих факультетін бітіріпті. Бұл екі факультет студенттері кейін біріккен лекцияларға бірге қатынаушы едік. Бірақ бірімізді-біріміз білмеппіз. Біріміз 1941 жылы Брест қаласын фашистердің тұтқиыл шабуылынан қорғаушы, екіншіміз ол қаланы 1944 жылы фашист басқыншылығынан азат етуші болғанымызды кейін білдік. Біздің «Брестік туыстығымыз» осылай анықталды.

      Біз бірсыпырадан бері бір-бірімізді білеміз. Ойын-тойларда, жиын-жиналыстарда жиі кездесеміз. Кейін ауырханағада қатар түсіп, бір палатада бірге жатамыз.

      Мен өз өмірімде Ғабекендей қарапайым, кішіпейіл кісіні көргенім жоқ. Кешегі Ұлы соғыста Отан үшін от кешкен қаһарман жауынгер болса да, еш жерде кеудесін қағып, мен сондай едім деп айғайлап айтпайды. Түртпектеп сұрасаң ғана басынан кешкен кезеңдерді қоңыр дауыспен жайлап қана баяндап береді. Ал сол жайлап айтқандарының өзі жан түршіктіреді.

      Жауыз жау неміс фашистері тұтқиылдан КСРО-ның шекарасы Брест қаласына тап бергенде Брест қамалының ішінде үш мыңнан аса адам болады. Фашистер қамалды алу үшін жанталаса ұмтылады. Қамал сыртындағы жауынгер Жұматов радист болып істейтін. Артиллерия полкі Мухавец өзенінен қайықпен өтіп, қамалға кірмек болған немістерді тынбай атқылап, олардың қайықтарын көкке ұшырып, өздерін өзен түбіне жібереді. Барлық батареяларды