Коллектив авторов

Ғаббас Жұматов: Өнегелі өмір. 27-шығ


Скачать книгу

келген жеңістің тарихы үшін ештеңеден қысылып, қымтырылудың қажеті жоқ.

      1942 жылдың желтоқсан айында Мәскеуге жақын маңда ұрыс қимылдары жүріп жатқан жерден Ғ. Жұматов Томск қаласында орналасқан Қызыл тулы Днепропетровск артиллерия училищесіне оқуға жіберілді. Онда 5 айлық жылдамдатылған бағдарлама бойынша майданға офицерлер даярланатын училищені бітірген соң, Оңтүстік майданға (кейіннен 1,2,3 Украин майдандары) 5-ші Дон казактарының Қызыл тулы танкке қарсы атқыштар полкіне аттанды.

      Одан соң осы полк құрамында, майданның көптеген учаскелерінде: Украина мен Молдавияда, Корсунь-Шевченко және Ясско-Кишинев операцияларын жүргізу кезінде жаудың ірі құрамаларын қоршауға алып, жоюға Карпат таулары етегінде, сондай-ақ Трансильвания жазығында болған ұрыстарға Румыния мен Югославия (Дунай өзенінің солтүстігіне қарай), Венгрияны азат етуге қатысып, соғысты Австрияда Альпі маңында аяқтады.

      Басынан көптеген қиыншылықтарды өткізді. Мыңдаған жа уынгер достарын ұрыс алаңдарында жоғалтты, олардың молалары орман ішінде, батпақ алаңдарында, өзен жағалаулары мен төбешіктерде, бір сөзбен айтқанда, өз жерлері мен одан тысқары басқа елдерде де қалды. Олар жерленген көптеген төбешіктер қазір жермен-жексен болып, тегістелініп білінбей кеткен де болар. Сондықтан соғыстан аман қайтқан және одан кейін өсіп-өнген соңғы буын олардың алдында өздерінің көл-көсір парыздар екендіктерін сезінулері керек.

      Біздің кейіпкеріміз де сол соғыстың тірі куәгері. Ол майданда сан жараланып, бастан зақым алған, 18 мемлекеттік орден-медальдармен марапатталып, Жоғарғы Бас қолбасшыдан мақтау да алған. Жеңістен соң Ғ. Жұматов туған жеріне жетіп, Алматыдағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түсіп, оны 1950 жылы үздік бітірген соң, аспирантураға қалдырылды. Кандидаттық диссертация қорғап, тарих кафедрасының бірінде 40 жылдан астам жемісті еңбек етті. Ол жоғары оқу орнының оқытушысы ретінде өз пәнін студенттер алдында екі тілде бірдей өте сауатты өткізді. Сондай-ақ Ғабекеңнің ғылыми жұмысының басты өзегі «Қазақстандағы тарихи өзгерістердің» проблемаларын зерттеу болып табылады.

      Ғ. Жұматов ұстаз, ғалым, доцент ретінде жас кадрларға қолдан келген көмегін аяған емес. Ол ізденушілердің жұмыстарын басқарып, кандидаттық диссертациялар қорғалғанда арнайы оппонент ретінде сөз сөйлеп, рецензиялар жазған. Сондай-ақ университеттің Ғылыми кеңесінің мүшесі де болды.

      Оның соғыстан кейінгі еңбек жолының бәрі де Қазақ мемлекеттік университетімен тығыз байланысты. 1979 жылы Республикамыздың Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығы бойынша оған «Қазақ КСР Жоғары мектебіне еңбек сіңірген қызметкер» атағы беріліп, «Республика алдында сіңірген еңбегі үшін» медалі қоса тапсырылды.

      Ұзақ жылдар бойы университет және республика көлемінде қоғамға пайдалы көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Соның бір көрінісі Соғыс ардагерлері кеңесінің, шетелдермен достық және мәдени байланыстар жасау қоғамында жасалып жатқан істер.