Коллектив авторов

Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33


Скачать книгу

I мыңжылдықтың I жартысында-ақ Бактрияда құл иеленуші қоғам болған. Астанасы Бактра қаласы болған мемлекет б.з.б. VІ-ІV ғасырларда Ахемен әулетінің, кейін Александр Македонский империясының құрамында болған. Содан соң бұл аймақ Грек-Бактрия патшалығы (б.з.б. 250 ж.), Кушан және Тохарстан мемлекеттеріне айналды. Әмударияның оңтүстік өңірлері Балх аймағы деп аталып келеді. Үнді өзенінің жағасында орналасқан Балх қаласы ірі саяси, экономикалық және мәдени орталық, Ұлы Жібек жолындағы әлемге әйгілі мекендердің бірі болғанын, оның арийлер заманында дүниеге келгенін жоғарыда айтқанбыз.

      Бактриямен бір қатарда дүниеге келген Ауғанстан астанасы Кабул шаһары. Ол Алдыңғы Азияның шығысындағы Кабул өзенінің жағасына орналасқан. Кабул туралы алғашқы деректер Птоломейдің (б.з.б. II ғасыр) еңбегінде кездеседі. Бірақ Кабул қаласы одан бұрын Авестада айтылғанын естен шығаруға болмайды. Соған қарағанда бұл қаланың аты ма, әйтпесе Кабул өзенінің аты ма? Оны анықтау қажет. Біздіңше, Авестадағы Кабул термині өзеннің аты болса керек. Солай болса да, өзеннің жағалауларында тұрақты қоныстардың болмауы мүмкін емес. Кейін өзен, қалаға айналған. Солардың бірі – Кабул қаласы. Кабул өзені – Үнді өзенінің ең үлкен саласы. Ұзындығы – 460 км. Баба жотасынан басталады. Міне, осы өзеннің жағасына орналасқан ірі қалалардың бірі – Кабул. Көне замандарда дүниеге келген Кабул қаласы Орталық Азияның оңтүстігіне жақын жерде Кабул орналасып, солтүстігіндегі Тұран елімен мидай араласып келе жатқан мәдени орталық. Ауғанстан мен Орталық Азияның тарихи тағдыры бір-біріне жақын. VI ғасырға дейін Кабул Кушан патшалығына қараған. Одан кейін Кабулды Саман, Темір әулетінің әмірлері кезектесіп биледі. Бұдан Кабул шаһары Орталық Азияның ықпалында болғаны байқалады. Ертедегі халықтардың салты бойынша ол Кабул өзенінің атымен аталған.

      Бұл орайда Герат қаласын да еске алуымыз қажет. Оның көне аты – «Ариана». Ауғанстанның батысында орналасқан, яғни жоғарыдағы біз тоқталған Бактрияға кірген. Кейбір деректерде, Гератты А. Македонский салдыртыпты-мыс деген сөздер кездеседі. Бұл сөз қисынсыз. Өйткені жауынгер қала салатындай жаулап алған жерлерінде ұзақ тұрмаған. Біздіңше Герат (Ариана) қаласы арийлердің заманында дүниеге келген қала екенін өзінің аты айтып тұр. Авестада жиі-жиі кездесетін «арий, ариана» деген сөздерге сүйенсек, «Арианам-Вайджа» – «арийлер елі»; «Арианам-Байдж» – «арийлер жазығы» [18]. Бүгінгі Герат (Ариана) ертедегі қола дәуірінде түріктердің бабалары арийлер этносы салдырған қала болып шығады. Бұл Бактрия мемлекетінің батыс шекарасына жақын жерде орналасқан. Орталық Азия арийлері батысқа қарай жылжып, Ариана қаласының төңірегінен әрі қарай, Алдыңғы Азияның жеріне терең тарай алмаған. Аймақтың автохтонды этностары парсылар, арабтар және кемерицтер арийлердің өз елдерінің ішіне таралуына кедергі келтірген. Сөйтіп, кейінгі ғасырларда Ариана (Герат) батыс пен шығысты жалғастырушы ірі мәдени орталық болған. Қаладан көптеген ғұламалар шыққан. Солардың ірі