Коллектив авторов

Шәлекенов Уахит. Өнегелі өмір. Ш. 33


Скачать книгу

«Авестаны» тәржімалаушы С.И. Оспанов былайша жорамалдайды: «Моуру – орта парсыда Мера, грекше Маргиана, қазіргі Түрікменстандағы Мары көгал алқабы (оазис). Бакдій (Бахди) – Бактрия, қазіргі Тәжікстанның оңтүстігі мен Ауғанстан солтүстігінің арасындағы аймақ» [21]. С.И. Оспанов өзінің бұл пікірін жалғастырып: «Бидебдаттың» екінші бөлімінде (21-43) Йема өркениетті дамытушы кейіпкер, бірінші болып өліп, адамдарға о дүниеге қарай жол салушы және сол арқылы о дүниенің басты құдайы болғандығы; тақуалардың о дүниедегі өлілер патшасының тұрағындағы масатты, шадыман ғұмыры туралы және алғашқы эсхотологиялық ұлы қыс түсіп, онан соң еріген қар-мұздан топан су көтеріліп, дүниенің ақыры болатындығы туралы аңыздар байқалады [22].

      Осы географиялық аймақты С.И. Оспанов былайша жорамалдайды: «Капта – Кинду (Хапта – Хинду) сөзбе-сөз: «Жеті Үндістандық (облысы)», ескіше түсіндірме бойынша «Жетісу» («Семиречье») – Үнді өзені саласындағы облыс, мүмкін Пенджап» [23].

      «Авестаны» аударушы С.И. Оспановтың «географиялық жырдан» келтірген жерлердің баламасы туралы жазған жорамалдарында шындықтың нышаны бар сияқты. Аттары аталған географиялық облыстар Орталық Азияның оңтүстік-батысындағы Алдыңғы Азия мен Солтүстік Үндістанмен шекаралас аймақтар Жетісу өлкесімен жалғасып жатырғаны тарихи шындық. Жетісудың климаты Орталық Азияның оңтүстігі мен батысына қарағанда суық болып келгенмен, бұл аймақта 10 ай қыс болмайды. Адамдардың тұрмысына өте қолайлы аймақ. Жетісудан солтүстік-шығысқа қарай барған сайын суық күшейе түсіп, Солтүстік мұхитқа барған сайын қыстың ұзара беретіні баршаға мәлім. Онда Авестаның осы бөлімінде аттары аталған аймақтар Орталық Азияның орталық, шығыс және солтүстік аймақтарына тура келеді деген пікірдеміз.

      Жоғарыда тілге тиек еткен Авеста кітабында кездесетін географиялық атаулар, арийлердің өрбіген жері Орталық Азияның солтүстігі мен оңтүстігіндегі Үндістан мен Иран жерлерімен шекаралас аймақтар болған. Анығырақ айтқанда Әмудария, Сырдария, Ария және Мұрғаб өзендерінің алқаптары. Ария мен Мұрғаб өзендері сағасын Ауғанстанның солтүстігін алып жатқан Паропамиз, Бандо және Түркістан тау жоталарынан алады. Олай болса, Түркістан атауы арийлер заманында болғанын меңзейді. Бұл географиялық аймақтар Авестада кездесіп жүр, яғни Тұран ойпаты болып ежелден аталып келе жатқанына тарих куә. Аттары аталған аймақтар – ежелден арийлердің мекені. Осы өңірдегі ірі су жүйелерінің бірі – Ария өзені. Оның алқабын мекендеушілер су жүйесінің атымен өздерін арийлықтармыз деп атаған. Үнділер мен парсылар өздерінің ежелгі көршілерін арийлер деп атап, олардың басқа да қандастарын жалпылама арийлер деп атап кеткен. Кейін бүкіл Орталық Азия этностарының жалпы атамасына айналған. Авестада кездесетін географиялық атаулар Орталық Азияда жиі-жиі кездесіп отыратынына жоғарыда тоқталдық. Мұндай ұқсастықты кездейсоқ көрініс деуге болмайды. Себебі олар арийлердің ежелгі мекені Орталық Азия екенін айқындайды.

Әдебиеттер

      1. Көктәнді