арыз жаз, олар қарсы болмаса жұмысыңа ақша төлеймін, -деді Қоңырқұлжа.
Шоң Қоңырқұлжаның айтуы бойынша Омбыдағы жер бөлімінің бастығына тілек-хат жазған еді. Ол хат мынау еді;
Город Омск!
Его высокоблагородию, начальнику, господину Пограничного управления сибирскими киргизами, от Айткожа —Карповского волостного, киргиза Чона Телькозина, прощение, зная татарскую грамоту и приспособляясь к русскому языку, я осмеливаюсь покорнейше просить Ваше Высокоблагородие, если не встретиться препятствий, определить меня в Акмолинский Приказной письмоводителем.
Чон Телькозин,25 августа 43 года
Город Акмолинск»
Осы хатты Омбыға жіберген еді. Бір ай ішінде Шоң тілегін қанағаттандырған хат келді. Осы жауаптан кейін Шоң өзін шын тілмаш, дуан қызметкері екенін толығымен сезінген еді. Жұмыс бір қалыпты жүріп жатты. Шоң тек қана Қоңырқұлжаның жоғары жаққа хаттарын жазады. Бұрынғыдай сұлтан үйінде тұрып жатты. Осы үйдің бір адамындай болып кеткен.
Арада бір жылға жуық өткенде Қоңырқұлжаның қызы байынан қайтып келді. Шоң енді байқады, сұлтан да, әйелдері де Шоңды өздеріне бұрынғыдан да жақын тарта түскендей. Бірде әйелі Қаниса:
– Шоң осылай жүре бересіңбе, келін түсірсейші, -деген еді.
Шоң бұл сөздің ар жағында қандай сыр жатқанын ұға қалды. Алдында Қоңырқұлжа қызын ұзатқан жерден адамдар келіп кешірім сұрап, сұлтан қызын қайыра алып кетпекші болған. Бірақ ерке қыз көнбей қойған. Сұлтан жерім бар. Енді сонда ұзатамынды айтқан. Жоспарлап қойғандары Шоң еді. Қоңырқұлжаның бәйбішесі осыдан кейін әлгі сөзді айтып отырған. Әзірге олар Шоң да ештеңе айтпай жүр.
Шоң Табристің үйіндегі толған кітаптарын біржола Қоңырқұлжа үйіне көшірген. Күн сайын таңертенгілік, кешкілік сұлтан қызы Шоң жатқан бөлмеге келіп жүреді. Қыз қай уақытта келсе де Қаниса қарсы сөз айтпады. Онымен қоса реті келгенде Қаниса Шоңды сөзге тартып әңгіме қозғайды. Үйленбейсіңбе, үйленбейсіңбені жиі айтып қояды. Шоң мұның ар жағында қандай сыр жатқанын біледі. Оның көңілі бұрынғыдай емес, қызға суыған. Қыз ұнататын әңгімеге бара бермейді.
Сөйтіп, жүргенде ауылдан әкесі келді. Кешкі тамақтан кейін Телқозы Қоңырқұлжаның бөлмесінде отырып, әлден уакытан соң болатын. Келісімен сөз бастаған: – мына сұлтан туыс болайык дейді. Сен оған қалай қарайсын? Әкесінең мынадай сөз естігенде Шоң ренжіп қалды да, турасын айтқан:
– Байдан қайтып келген қатын маған әйел болама?
– Келешегің үшін ал мен білемін, әйтпесе, сұлтан сені жұмыстан қуып жібереді. Онсызда сөз жоқ, сөз саптауынан байкадым. Мына сөзді естігенде Шоң қорқып кетті. Пәлен жылқы беріп, зорға тұрған жұмыстан шығып қалуға болмайды. Онда әкесі ешқашан кешірмейді. Шоңның сөзі таусылып қалғандай болды да, содан кейін сұраған. Біліп отырса да әдейі:
– Қызы қалай қарайды екен?
– Кызы айтқан соң осындай ұйғарымға келіп тәрізді. Бұл аймақта бұған жететін қыз жоқ!
– Телқозы дуан басының қызы болған соң мақтап отырсың ба? Оны байдан қайтып келгенің де