Шоң қайтеді! Ол біреумен кетті. Кіммен кеткенің айтпаған еді. Мың жерден хан тұқымынан болса да Шоңның ұнатпай жүргенін білетін. Содан кейін айтқаны:
– Сұлтеке, сіздің бізге қамқор көңіліңізді білемін ғой. Шоң үміт артқан балам еді. Шоңды өкпелетпейтініңді білемін! Мен де қарыздар болып қалмаспын, -деді сөзінін соңында.
Қоңырқұлжа қызының орыспен кеткенін Телқозыға айтпады. Алдында Қоңырқұлжа Шоңға ескертіп айтқан:
– Сен біздің қыздың орыспен кеткенін аузыңнан шығарма!
Қалың елге қызының орыспен кеткенін білдірмеудің амалы болатын бұл. Төреден қыз алып береміні Телқозы көңілінен шығып отыр еді. Әкесі артынша Шоңды ойды жеткізген еді. Шоңға бұны алдында сұлтан да айтқан болатын.
– Ол десе, айтқанын жасайтын шығар…
– Сұлтан аты бар емес пе, неге жасамасын! -Телқозы да Қонырқұлжаның баласына төреден қыз алып беретініне сенімді еді. Сондықтан мына сөзді айтып отырған.
– Расында байдан қайтып келген қызды қайтесің. Он жерден сұлтан қызы болса да, беті ашылмаған бір төре қызын алып берсе сол жақсы.
Телқозы сонда да баласының сұлтан қызын алмағанына өкініп отырған. Мына сөзді баласының көңілі үшін айтып отырған.
Төрелермен құда болу кез келген қазақтын арманы еді. Ал, бірақ төрелер кез келген қазаққа қызын бере бермейтін. Қызын бермегенімен, сұлтан уәде берді. Баласы елдің қолы жетпейтін биіктен әйел алатынына Телқозы сенімді болып, ол Ақмоладан ауылына көңілденіп қайтқан еді.
Сұлтанның Жанкелдіні жерлеуге қатысуы
Күздің жылы күндерінің бірінде Қараағаштын Шоңға жаушы келді. Ол кеңседе отырған Шоңға суық хабар жеткізген еді. Бабасы Жанкелді қайтыс болды. Соған әкелері шақырып жатқанын айтқан. Шоң бабасының көптен бері төсек тартып жатқанын білетін.
Шоң Телқозыдан туса да жанкелді бауырында өскендіктен оны туған әкесіндей көріп, өз әкесін онша мойындамайтын. Телқозыны атымен атымен атап кеткені де содан еді. Мына хабарды естісімен барлық жұмысын сырып тастап жолға дайындалды.
Алғашқы кездегідей емес, Шоң сұлтан кабинетіне еркін кіретін. Қоңырқұлжаға ауылдан келген суық хабарды жеткізгенде, Шоң сұлтан күтпеген сөз айтқан еді. Мен де барамын. Тоқаның тәуірі Жанкелдіге топырақсалу менің міндетім, -деді.
Шоң оның мұнысына таң қалды. Қала іргесінде тұратын төрелер қайтыс болғанда да бара бермейтін. Таңдап, талғап бірен-сараңына ғана баратын. Шоң әкесінің берген малдарына риза болып жүрген соң бармақшы шығарға болжаған. Оның үстіне өзінің қызметіне де көңілі толып жүргенін білетін Шоң.
Қоңырқұлжаның бір әдеті, жүрер алдында баратын жеріне хабаршы жіберетін. Бұлжолы да сүйтіп, бір татарды салт атпен жіберген еді. Оған айтты, жолда болыс Қабайға менің келе жатқанымды хабарлап кет деп айтқан болатын. Алдында ғана Бекеәліні Карбышев дейтін губернатордың Ақмоладағы өкілінің көмегімен Омбыға оқуға түсірген еді. Оның орнына Қабай дейтін төрені қойған.
Түс ауа Шоң екеуі пәуескемен шыққан еді. Бесіндікте аса шапшаң жүріспен жүріп, Көбетейде тұратын болыс Қабай ауылына келді.
Бұл