Қанат Жойқынбектегі

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап


Скачать книгу

жоқ. Оны айдап алған соң олар сіздерге, бізге маза бермейді. Он-жиырма есе етіп қайтарады. Олар сондай дауды табаалмай отыр.

      Мына сөзден кейін Сапақтың айтар сөзі болмай қалды. Ол да Елгелділердің есесін жібермейтінін біліп отыр еді. Телқозының мына сөзі оған ескерту тәрізді естілді. Содан кейін ызасы келген Сапақ:

      – Сонда менің үш мың жылқыны төлеуім керек пе?

      – Үш мың жылқыны сіз төлемейсіз, осында отырған Тоқалар жиналып төлейміз. – Бұл Аққошқар руының атақты бір байының айтқан сөзі еді. Құттыбайлар тұқымына құдандал еді. Содан кейін осы сөзді айтып отырған. Мына сөз Сапақтың көңілінен шықты. Содан үндемей кеткен еді.

      Арада бір жұма өткен соң қайыра Жанкелдінің жетісіне Тоқалар жиналды. Қоңырқұлжа жіберген болуы керек, Қабай жетіп келді. Құдайы біткен соң ол Тоқалардың біразын алып қалып дастархан басында сөз бастады:

      – Сұлтанның айтып кеткені жай сөз емес. Айтқан жылқыларды қашан апарасыңдар?

      – Сапақ отырып:

      – Бұлсұлтанның Құттыбайлар руына ғана қойып отырған кінәсі емес. Бүкіл Тоқаларға Қойып отыр. Сондықтан бес жүз жылқыны мен берейін. Басқасын өздерің ақылдасып беріңдер.

      – Ол жағын мен білмеймін. Бірақ сұлтанға берген сөздеріңіз аяқсыз қалмасын. Ертең-бүрсікүнге созабермеңдер. Жылдамдатыңдар! деді Қабай.

      Осымен сөз біткендей болды. Ел енді Қоңырқұлжа да айтқанынан қайтпайтынын, Сапақ та көнбейтінін білді. Содан кейін Тоқалар жылқыларды жинап беруге келіскен еді. Бұл сөз Таубай батырдың көңілінен шықпады, өздеріңіз бере беріңдер. Ал мен Қоңырқұлжаға бір жылқы да бермеймін. Алса күшпен Елгелділердің жылқысын айдап алсын. Ар жағы бізде көреміз, -деді.

      Дау қайтадан басталып кетті. Дауды Қабай басты:

      – Бір Елгелдіде тұрған ештеңе жоқ. Басқаларың берсеңдер болды. Ал, оның еесесін кейін сұлтанның өзі қайтарады, деді болыс.

      Бұл сөзінде қорқыту бар еді. Таубай батыр бұған мән бермеді. Сыртқа шығып кеткен болатын. Соңғы кезде қатты ауырып жүрген. Ол кезде қазақ арасында мініп жүрген атын жақсы көретін адамына беретін дәстүр бар еді. Оны шығарып салуға артынан Шоң да, одан кейін Телқозыда шыққан еді. Таубай батыр тұрып сөз бастаған еді:

      – Мен де Жанкелді артынан таяу уақытта баратынымды сезіп жүрмін. Сен менің мына атымды көзімдей көріп мініп жүр. Шоңға ат тізгінін ұстатқан еді.

      – Тауке, аға, өткен жолы бір тай бердіңіз. Сол жетеді. Мен сіздің мен сіздің мініп жүрген атыңызды алмаймын.

      – Бұл Көкбесті тьұқымының ішіндегі ең жүйрігі осы ит. Осыны менің көзімдей көріп мініп жүр.

      Шоң да Көкбестінің тұқымына қызығып тұр еді. Бірақ мына қартайған адамды атынан түсіріп алғандай көрінді де:

      – Жоқ, Тауке аға, мен алмаймын. Кейін көрерміз.

      Таубай Шоңның мына сөзін түсіне қалып турасына көшкен еді:

      – Мен өлсем, анау сегіз сары саған бермей қоюы мүмкін. Менің тірі кезімде өз қолымнан ал.

      Бұлардың сөзін тыңдар тұрған Телқозы айтқан еді.

      – Таукең кім көрінгенге мініпе жүрген атын бермейді. Саған ырым етіп беріп тұр. Таукеңе, мен өзімнің мініп жүрген атымды беремін. Күміс