шарт етіп ашуланды да, Қоңырқұлжа сәл үндемей отырып қалды да:
– Анау ағаң орыстан әйел алып кетті. Сенің жасап отырғаның мынау… Менің тұқымым құрып кетті ғой.
Сақыжан әкесінің сөзіне мән бермегендей басқа бөлмеге кетіп қалды. Бұдан кейін бәрі де үнсіз отырып қалды. Тамақтан соң Қоңырқұлжа Шоңды ертіп жұмысқа кетіп қалған. Жолай келе жатып Шоңға:
– Сен осы Сақыжанды зорлап алып қашсан қайтеді?
– Сақыжан көңілі сол адамға біржола берілген тәрізді.
Оны зорлағанмен түк шықпайды. Босқа балаңызды ренжітіп аласыз. Шоңның Сақыжан тұрмысқа шығып қайтіп келген соң оған көңіл- күйі біржола өзгеріп қалған. Содан кейін осы айтқаны. Шоңның мына сөзінде бір шындық жатқаның түсінді ме, сұлтан ләм деген жоқ. Үнсіз келе жатты. Бі пәледен қалай құтыларын білмей, Шоң да іштей мазасыздыққа түсіп, үнсіз қалды.
Қоңырқұлжа қызының орысқа шыққанына қарсы еместін іштей, бірақ орыстардың біраз жүріп тастап кететіні бар. Талай татар қыздарына солай жасаған. Бір-екілі төре қыздарын да сөйткен. Әйтпесе, сұлтан қызының орысқа барғанын ұнататын, бар қаупі содан еді. Егер қызына олай жасаса, ешбір қазақ алмайтынын түсінген. Қазір сол ойдың жетегімен айтқан болатын.
Сақыжан әлгі сөзді бізге ерегісіп айтып отыр. Ол орысқа тимейді. Ал егер тиіп кетсе мен саған таңдап жүріп, төренің бір қызын алып беремін. Дегенмен, сен Сақыжанмен сөйлесіп, оның саған қалай қарайтынын білші.
Қоңырқұлжаның Шоңға төреден қыз алып береміні ойдан шықты. Соған енді кедергі болып тұрған Сақыжан екенін түсінді. Шоң да бұрынғыдай емес, сұлтанға үйреніп, еркіндеу болған. Содан кейін қыз әкесіне кеңес есебінде айтқаны:
– Сіз әуелі Подокониковпен сөйлесіп көріңіз. Ол не дейді екен. Қазір төре қыздарына үйленіп, олармен жақсы тұрып жатқан орыстар да бар ғой.
Шоңның мына сөзінде дұрыстық бар екенін біліп, кеңсеге келген соң, қызының айтып отырғаны казак-орыстың жігіті Алексей Подокониковті шақыртып алып сөйлескен. Бұл жігіт Санкт-Петербургтен әскери училищені бітіріп қызметке осында жіберілген болатын. Қолңырқұлжа ойлар жүрген жоғары жақтың менің орныма дайындап жүрген жігіт пе, деген болжауы бар еді. Сондықтан қызының осы жігітке тигеніне қарсы еместін. Қоңырқұлжа да іштей өзімен өзі келісіп қойғандай еді, алайда, орысқа барғанынан қауіптенетін. Біраз ойнап тастап кете ме деп, қорқатын. Әлгі шоң сөзі ой салды. Алдында генерал-губернатордан нұсқау келген. Подокониковты Орынбор қаласына ауыстырылсын деген. Ол жақта жігіттің әкесі тұратын, пәлен жыл казак-орыстардың әскерін басқарған, сонау Санкт-Петербургте беделі бар адам еді. Соның күшімен ауыстырылып отырғанын сұлтан білетін, Қоңырқұлжа шақырып алып жігітпен сөйлесті:
– Сен кетесің бе, әлде осында қаласың ба?
– Кетемін. Әкем қатты ауырып жүрген көрінеді. Үйге кел жеп жатыр.
Сұлтанның сөзі таусылып қалғандай сәл отырды да:
– Менің қызым Сақыжанды қайтесің?
– Біз келісіп қойғанбыз, алып кетемін.
Мына жігіт ала кетемін боп отырғаны Сақыжанға шын ықыласы кеткенін