сол тұрса тұрсын, – деді бәйбішесі Қаниса. Мына сөзден кейін сұлтан сөзі біті қалғандай болды. Қоңырқұлжа іште жатқан күдігін де жасырып жатқан жоқ, әйелінен.
– Мен алдағы жағдайды ойлап отырмын. Ол оқу бітіргенше мен боламын ба, болмаймын ба, кім білген. Мен өлген соң оны менің орныма жуытпай ма, деп қорқамын. Әне, Жәнілдә жүр ғой, сонау орыстардың арасына шығып кетті. Ол жақта көбінің бірі болып жүр. Бұл жақта Бекәлінің өзі би, өзі қожа болғанын көргім келеді.
Енді не істейсіз, Карбышевте өзі емес, губернатордың айтқанын жасап отыр ғой, ол да. —Әйелінің мына сөзінен кейін Қоңырқұлжа біржола қойған сөзді.
Ауызының салымы бар екен, ойламаған жерден Ыбырай Жайықбаев атқа мінді. Мұның орысшасы да шамалы еді. Ескіше де оқымаған. Төре болғандықтан Қоңырқұлжаның көңілін тауып, үлкен қызын алған, кезінде…
Сол жолы Карбышев кетер алдында Қоңырқұлжамен келіскеннен кейін дуан кеңесіндегі Қоңырқұлжаның кабинетіне Ыбырайды отырғызып кеткен. Барлық қызметкерлерді жинап алып айтқан: «Бұдан былай осы кеңсенің билігі осы кісідеболады» -деп. Ешкім үндеген жоқ. Губернатор өкіліне кім не десін! Әйтпесе, мұндаотырған төрелер де, орыстар да Ыбырайды ұнатпайтын.
Дуан басы отырғаннан кейін осында тілмаш, әрі Қоңырқұлжаның тапсырмаларымен онда-мұндабарып жүретін Шоңды Ыбырай Жайықбаев шақырып алды. Қоңырқұлжаға орысша кітап оқып, газет-журналда жазылғандардыайтып беруде Шоң таптырмайтын адам екеін біліп алған. Оны өз көзімен көріп жүріп, бұл жігіттің орыс тілін толық меңгергенін білетін. Оның үстіне әкесі де, сұлтанмен дос болып қалғанын байқаған.
Шоң атасының үйінде жатқаннан бері Ыбырай да іш тартып, кейбір мәселелерде Шоңмен ақылдасып отыратын. Оның білгірлігіне әбден қанып алған. Дуан басы болып тағайындалғаннан кейін бұлда Шоңға атасының әдісін қолданды. Бір күні Шоңды шақырып алып сөз бастаған.
– Сені Қонекең жақсы көреді. Менің де көңілім саған сондай. Мен бұл жұмысқа жаңа кірісіп жатырмын. Сенің жақсы орысшаң бар. Маған жоғары жаққа жазылатын қағаздарға көмектес. Басқаларға сенбеймін.
Шоң Ыбырайдың жақсы райлы сөзіне қуанып қалды:
– Ыбеке, мен қолдан келген көмегімді аямаймын. Шама келгенше жасаймын…
Ыбырай сол күні-ақ Шоңның өзіне жеке кабинет берді. Бұрын екі орыс Герасимов, Попов және заседательдер қағзадарын қазақша қарап отыратын төрелер Қосыбай Бабыков, Нөгербек Көшеновпен бірге отыратын. Енді, міне, ойламаған жерден дәрежесі өсіп шыға келді. Бұрын қасында отырғандар жап-жас балаға жеке кабинет бергенін жақтырмай қалған, әсіресе, ана екі төре. Шоң оны бірден сезді.
Ыбеке, мен аналарға бастықсияқты көрінбей, әзірге солармен бірге отырайын, – деді.
Ыбырай Шоң аузынан мынадай сөз естіп, тас-талқан болып ашуланды.
Сен өзің қызық жігіт екенсің. Олар келешегі жоқ адамдар. Ал сенің үлкен ертеңің бар. Амандық болса сен осы дуандағы бір деген адам болғалы тұрсың. Сен сондықтан оларға қарама! Менің айтқанымды тыңдап жұмыс істей бер. Олар адал