Қанат Жойқынбектегі

Ел Шоңы. Сәскелік шақ. I кітап


Скачать книгу

жұма салып Сапақ бастаған бір топ Тоқалар уәде еткен жылқыларын айдап әкеп берді. Қоңырқұлжа оларды үйінде дастархан жасатып жақсылап қарсы алды.

      Дастархан басында Сапақ айтқан еді:

      – Сұлтеке, осы жылқының төрттен бірін мен өзім шығардым. Турасын айтқанда, біздің тұқымның сіздің балаңыздың өліміне ешқандай қатысы жоқ. Сіздің көңіліңізді қимай әкеліп отырмын. —Сапақ Таубайға Көкбестінің тұқымынан бір жүйрікті сатпағанынан өкпелі еді. Және өткен жолы сөзі бар. Таубай мен сұлтан арасында от жағу үшін айтқан, анау Таубай батыр бір жылқы берген жоқ.

      Мына сөзді естіген Телқозы:

      – Отыз желком Елгелділер үшін мен бердім.

      Қоңырқұлжа «отыз желком» деген сөзге таңқалып:

      – Неге оларды отызжелком дейсің?

      – Олар әуелден кедей, аталарымыз содан кейін солай атап кеткен.

      – Қанша кедей болса да үш жылқыда тұрған ештеңе жоқ. Ол Елгелді мені сыйламай отыр ғой. Олай болса оны қорқытып біраз күн түрмеге жауып қояйын.

      Ол кезде Ақмолада орыстардың түрмесі салынған еді. Соны Қоңырқұлжа да пайдаланып өзіне ұнамаған адамдарды жапқызып қоятын. Шоң сұлтанның аузынан мына сөзді естіп қорқып кетті. Ақмола қалаға айналғалы онда түрме болғалы Қоңырқұлжа өзіне ұнамаған талай қазақтарды жауып қойғызатын еді. Бұрын қазақ арасында түрме болмайтын. Түрме сөзі қазаққа орыстармен бірге келген еді. Ондатүскендері орыстардың жақсылап тұрып ұратындарын қамауға түскендер айтып жүретін. Ел содан жаман қорқатын. Соңғы кездері сұлтан алдында еркін сөйлейтін болған Шоң:

      – Аға, олкісі әр күнін санап отырған адам, қалай жабасыз?

      Сапақ отырып:

      – Ол ауру болса баллары бар. Солардың бірін жабу керек. Олай етпесе болмайды. Отыз желкомдар әбден басынып алды. Әйтпесе, үш жылқыда не тұр?

      – Осы арада Телқозы сөзге араласып:

      – Ол шалға ол көп емес. Ертеңгі күні күнін санап отырған Тоқаның бір шалын түрмеге жауып қойды сөзі сізге де, бізге де жақсы атақ әкелмес. Оның қажеті жоқ.

      – Менің айтып отырғаным ол шал емес, балаларының бірін дедім ғой, деді Сапақ болмай.

      – Ертеңгі күні сұлтанға да сөз келеді. Мұның қажеті жоқ, деді Телқозы қайталап айтып. Қоңырқұлжа да мына Сапақ ана шалды өзін түрмеге жапқызып өшін алмақшы екенін түсіне қалып:

      – Расында, ол шалды жаппаған соң, балаларының қажеті қанша! —Мына сөзден кейін айтары болмағандай Сапақ та үндемей қалған. Осымен сөз біткендей болды.

      Телқозының да, Сапақтың да Қоңырқұлжаүйінен көңілдері көтеріліп қайтты. Екеуіне де сұлтан орыстың қымбат кездемесінен бір-бір шапан кигізген еді. Қара қазақтар хан тұқымы түгілі, төрелерден де мұндай шапан кигізген еді. Қара қазақтар хан тұқымы түгілі, төрелерден де мұндай шапан кимейтін. Екеуі де бір жиынға, тойға барғанда әрқашан Қоңырқұлжа берген шапанды киіп жүретін, сұлтан бергенін мақтанышпен айтып отыратын.

      Дуанда болып жатқан өзгерістер

      Жасы келген Қоңырқұлжаны ауру айналдыра бастады. Сұлтан апталап кеңсеге бармай жатып қалатындышығарды. Тоболдан, Баты Сібір генерал губернаторы жанындағы осы Ақмола