Қанат Жойқынбектегі

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап


Скачать книгу

Бұл Кеттебектің өзіндік саясаты еді. Өткен жолы Ақмолаға барғанда Ыбырайды салып еді, ол да оязға жол таба алмаған. Болыстарды сайлау билігін Карбышевтың өзі алған соң Ыбырай одан қорқа бастаған еді. Содан екеуі Герасимовқа барған еді. Герасимов отырып, «Ол жақта Телқозин бар ғой, соны саласыңдар ма, оны ояз қолдайды» – деген. Герасимов та бұл шаруаға араласса, Карбышевтен жақсы сөз естімейтінін біліп отыр еді. Содан кейін осылай сөйлеп отырған болатын. Әйтпесе, Герасимов та пара алудан қашпайтын. Ана жолы Ортау болысына Кеттебекті сайлап келгенде Карбышев жақтырмай Герасимовке біраз сөздер айтып тастаған еді. Сірә, ояздың мұнысы Шоңның айтқанымен болып отыр деп топшылаған еді сонда. Кейін Шоң Ақмолаға бір барғанда Герасимов Шоңның өзіне айтқан, анау Кеттебек атты киргиз маған пара берді, бірақ мен алмадым деген. Мұнысы Шоң арқылы Карбышевке жеткізіп қалудың амалы болатын. Алайда, ол туралы Шоң оязға айтпаған еді.

      Оның себебі бар еді, Кеттебек болыс болып тұрған жылдары болысындағы адамдарға қырғидай тигенін Карбышев те естіген. Содан оған дұрыс қарамай кеткен. Шоң Кеттебектің сондай қылықтарын жақтырмайтын. Бұрын көңілдері дұрыс болса да содан кейін суып кеткен. Енді міне, амалсыздан алдына келіп отыр.

      Кеттебектің өз аузынан есту үшін Шоң одан сұраған еді:

      – Өзіңмен дауласып жүрген қайсы?

      – Анау Бәрлен бай. Ол пара берген болуы керек. Ақмола да соны жақтап отыр.

      Қояншы-Тағайдың бұл байын Шоң сырттай жақсы білетін. Бірақ көріп, сөйлескен адамы емес еді. Шоң оның мына сөзіне ренжіп қалды да, содан кейін айтқан:

      – Сіздер құдандалы адамсыздар, барып өзің сөйлеспейсің бе? Екіншіден, олар Ақмолаға қарамайды. Қарқаралы уезіне барып арыз айтыңдар. Менің білетінім, орыстар оларға жайдан-жай көмектеспейді. Дұрыстап айтсайшы, кімге пара бергенін, олай болмаса арты дау, бос сөзге айналып кетеді.

      – Шоңке, өз көзім көрген жоқ. Орыстар бірдеңе берсе ғана қимылдайды. Олар қазақты сыйламайды, берген парасын сыйлайды. Сізге ғана айтып отырмын. Қаракесектің Қояншы-Тағайлары берсе бере берсін, онда жұмысым жоқ, менің бір-ақ тілегім бар, ұрлаған малымды қайтарсын!

      Шоң Кеттебектің мына сөзінде жалған да, шындық та барын сезді. Орыстардың қазақтардан көрсеткен қызметі үшін пара алатынын білетін. Олар кінә болса, Кеттебектің де, Қояншы-Тағайлардың есін шығаратынын біліп отырған. Алайда, Шоң Кеттебектің мына сөзіне күмәнданып қалды.

      Ақмоладан түк бітіре алмаған соң келіп отырған. Каракесектердің үстінен арыз айтып барғанда Ыбырай айтқан: «Ояз менің тілімді ала бермейді, анау Шоң оязбен жақсы, соны пайдаланыңдар» деген. Шоң да Ыбырайдың дуанбасы болып тұрғанда Аралбайлармен жақсы болғанын білетін. Осы жаққа келіп жүріп Ыбырайдың көңілінен шығып, Құтжан би Ыбырай төренің бір қызын, қара қазақ болса да, баласына алып берген. Содан Ыбырай мен Құтжан бұрыннан да жақындасып кеткен. Сол кезде Кеттебек сырттау қалған. Ыбырай құдандалығын пайдаланып, Құтжанға Ортау болыстығын алып берген. Содан екі ағайынды Аралбайлардың арасында бір реніш барын сезетін Шоң. Соны біле тұра айтқан:

      – Ана