Қанат Жойқынбектегі

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап


Скачать книгу

«Күндізгі сөз сарынына қарағанда екі жылқыны басыбайлы берген болған ғой» – енді Шоң ашуы тіптен күшейді. Аралбайлардың бірдеңе өтікізіп қойса соңынан қалмайтын әдеті барын және білетін. Ұйқы ашылып кеткен соң, Шоң жазу бөлмесіне барып жазуға отырды. Содан түннің бір уағында төсегіне келіп жатты. Әйімкүл де атасы Шоңға жөндеп айтпадың деп маза бермейтінін білетін. Таңертең шай үстінде тағы айтқан.

      – Шоңке, байқадыңыз ба, көкем кешегі айтқан шаруасына үлкен мән беретін тәрізді.

      Сонда да Шоң үндемей отыра берді. Оның мұнысы Әйімкүлдің ойынан шықпағаны болуы керек:

      – Шоңке, неге үндемейсіз?

      Әйімкүлдің мұнысы көңілінен шықпай тұрса да, ренжіген жоқ. Одан құтылу үшін:

      – Оны жағдайға байланысты кейін көремін…

      Шоңның бұл сөзі Әйімкүлге ұнамай қалды. Оның мақсаты кайтсе де кешегі атасының айтқанын Шоңға істету болатын.

      – Шоңке, қайтсеңіз де көкемнің айтқанын жасап беріңіз, – деді.

      Шоң сонда да ештеңе айтпады. Орнынан тұрып, тысқа шығып кетті. Ол шығып кеткен соң Телқозы келді. Әйімкүл оған Шоңның көнбей отырғанын айтқан еді. Телқозы Кеттебекке айтқанын жасататына уәде беріп кеткен. Жылқысын алып отыр, енді сөзінде тұрмады. Әлгі Әйімкүл айтқанынан кейін Шоңмен сөйлесудің ешқандай мәні болмайтынын біліп, Шоң үйінен шыққан соң Кеттебек аулына тартқан. Көз алдында екі жылқы тұр. Келіп Кеттебекке жұмсартып айтқан:

      – Жүз көрсе көз ұялады дейді. Мен де біраз айттым, өзің де барып бір сөйлессейші, – деді.

      Алдында Ортау болысында сайлау болғанда Кеттебек Шоңға ренжіп біраз сөз айтқан соң, Шоңның жақтырмай қалғанын білген. Содан бері бірталай заман өткен. Екеуі жүздескен жоқ еді. Кеттебек мына Телқозының сөзінен кейін ойға беріліп отырып қалған еді. Шоңға бармасам деп бір ойлады. Бірақ бұл шаруаның соңы өзіне жақсылық әкелмейтінін біліп отыр еді. Кеттебек әрі ойлап, бері ойлап Шоңға баруға бел байлады. Араға екі күн салып өзі келген.

      Түс кезі болатын. Шоңдар түскі тамақтарын ішіп жатқан. Қасында бір жігіті бар Кеттебек кірді. Анау-мынау шаруаға оның өзі жүрмейтін. Біреулерді жіберетін. Әкесін екі жылқы беріп жұмсап отырғанынан Кеттебектің мына шаруасы шатағы көп іс екенін, содан кейін әкесін жұмсағанын түсінген Шоң. Кеттебек Шоң көрсеткен жерге отырмай, одан төмендеу барып отырды.

      – Кеттебек, жоғары шық, – деді Шоң екінші рет қайталап.

      – Шоңке, осы жер де жетеді. – Кеттебек бұрын Шоңды Шоңке деп атамайтын. Бұл жолы басқаша болды. Шоңға «ке» қосып сөйледі. Бұл да өзіне қаратудың амалы екенін Шоң біле қалды. Мына сөз сөйлеу мәнерінен де Қаракесектерге қатты ренжіп келіп отырғанын ұққандай болды.

      Аралбайлықтар, көрші отырғандықтан, Ерназарлармен қыз берісіп, қыз алысып, туыс болып кеткен адамдар еді. Бір жағынан сонысын да көлденең тартып келіп отырғанын сезді Шоң. Ертеңгі күні Шоң төрге шық деп айтпаса, қажетті жерінде әңгімеге айналдырып, талай жерде айтып жүретінін біліп, тағы да қайталап айтқан:

      – Кеттебек,