Қанат Жойқынбектегі

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап


Скачать книгу

жылқы ұрлайтынын талдап-барлап қимылдайтын адамдар екенін жақсы білетін. Ес білгелі Қаракесектер көрші отырған Аралбайдан жылқы ұрлады дегенді естіген емес. Сірә, көршілікті сақтауды қадыр тұтатын Қаракесектердің іргесінде отырған руларға тиіспейтінін білетін. Аралбайлар да солай еді. Олардын ұрылары да көрші жатқан Қояншы-Тағайлардан мал ұрламайтын. Сонау Найман, Тобықтыларға шығып кетіп, сондай алыстағы рулардан ұрлайтын. Шоң оны естіп жүрген. Қолма-қол Ақмола базарына апарып сатып жіберетін. Содан оларды ешкім ұстай алмайтын. Кеттебек тәрізділер бұл үшін арнайы ұрылар ұстайтын. Шоң әрі-сәрі, екі ұшты ойға қалды, біріне де тоқтай алмады.

      Шоң сыртта біраз жүріп, үйіне келсе Телқозы әлі кетпеген екен. Алып келе жатқан екі жылқысын сырттай қызықтағандай қарап, есік алдында тұр екен. Осы кезде тысқа Әйімкүл шықты.

      – Келін, әлгі дәмді шайыңды қойып жіберші. – Бұл Телқозының Әйімкүлге жақсы күйде болғанда айтатын сөзі болатын. Әдетте, келіндеріне қатты Телқозы ретті жерінде келіндерін осылай мақтап жіберетін де әдеті бар еді.

      – Көке, олай болса неге тұрсыз, үйге кіріңіз. Шай қайнап тұр, – деп ол да жалбалақтап қалды. Сармантай аулында да үлкендерін «көке» дейтін әдет бар екен, келін болып түскеннен кейін үлкен әкесі Сәттібай тәрізді, Телқозыны да солай атап кеткен. Телқозы бірден үйге кіріп кетпей, жақындап келе жатқан Шоңды күтіп тұрған. Ол қасына келген соң әлгі сөзін тағы қайталап айтты. Екінші рет Телқозының ескертіп айтуы, шаруасы маңызды болғанда жасайтын әдеті еді. Мұны Әйімкүл жақсы білетін. Әдейі келініне естірте айтып тұрған. Өйткені, Шоң Әйімкүл аузынан шыққан сөзді жөнсіз болмаса да қалт жібермей орындайтын. Телқозы да біліп алған. Сондықтан әдейі келінінің көзінше айтып тұрған еді, ол да:

      – Шоң әлгі айтқанымды жаса. Реттеп жібер. Сенің тілінді ана Қаракесектер де жықпайды.

      – Кеттебек өзі келіп айтпай ма, осы шаруаға сіз неге араласасыз?

      Пайдасы болмаса, Телқозының кез келген шаруаға араласпайтынын Шоң жақсы білетін. Әкесінің мына айтып тұрғаны екі атты алғанның қайтарым екенін сезіп тұрса да әдейі айтты:

      – Сені жұмсағаны несі қолбала құсатып… – Шоң әкесінінің сөзіне де, Кеттебектің қылығына да ыза болып тұр еді.

      – Ол да келеді, сен дұрыс қарасын деп әдейі ескерткенім ғой бұл. -Телқозы осыны айтты да үйге беттеді. Оның артынан Шоң кірген. Алдында ғана енген Әйімкүл шайды жасап қойған екен. Әкесі жайғасып отырып Әйімкүл құйған шайды іше бастады. Шөлдеп келген болуы керек, кесесін тез тауысып, рахаттанып отырып шай ішті. Тер одан да кетті, бұдан да кетті. Шоң қалжақтап айтты:

      – Немене, Кеттебектің үйі шай бермеген бе?

      – Берді ғой, бірақ Әйімкүлдікіндей болмайды ғой. Бұл келіннің шайы айрықша. – Телқозының бұл да бір саясаты болатын. Кейде айтар сөзін Шоңға өзі айтпай Әйімкүлге айтып кететін. Мынасы соның алдындағы мақтау еді. Нартай Шоңның мініп жүрген атын алып кеткеннен соң, жалпы Телқозы көңілі Әйімкүлден де суып қалған. Әйімкүл Ақмоладан қайтып келген соң көңілдері қайта табысқан еді. Оған себеп болған