Қанат Жойқынбектегі

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап


Скачать книгу

Егер Ильяның қолынан іскерлік келсе, Ақмола аймағын билеу Карбышевтер ұрпағында болады. Мен ініме сол туралы айтып кеттім. Сенен сұрайтыным, Илья ояз қызметін меңгеріп кеткенше қасында бол. Анау төрелер кедергі жасап бағады. Герасимов екеуің оған жол бермеңдер. Ал Қалимашқа айт, жылқының жартысын Ильяға берсін. Ол тұрған үйге таласпайды. Ал қаладағы мен тұрған мына үй інімдікі болады.

      Шоң күн сайын барып, Карбышев жағдайын біліп тұрды. Екеуінің арасында біраз әңгіме болып жүрді. Бір күні барғанда Карбышев айтқан:

      – Мен пәлен жыл Қалимаштың төсегінде бірге жаттым. Ол, байқадым, мені сатып отыр. Енді сол төсекті басқаға кимай жатырмын. Ол да өлуі керек…

      Мына сөзді ояз аузынан естігенде Шоң қорқып кетті.

      – Семен Иванович, тағдыр солай. Соның айтқанына көну керек. Қалимаш әлі жас, біраз жыл сізге жолдас болды. Сіз оған айтқаныңызды жасатпаңыз. Ол ешқандай адамгершілікке жатпайды. Оны силамасаңыз да, оған деген өз махаббатыңызды силаңыз. Тірі жүре берсін!

      Карбышев аузына сөз түспегендей біраз үнсіз жатты да:

      – Мен оны да біліп жатырмын. Өмір шіркін, маған ауыр тағдыр әзірлеп қойған екен. Пәлен жыл бірге тұрған әйелім маған сырт берді. Содан ызам келіп жатыр. – Содан кейін Карбышев жатып айтқан: – Сен, Шоң, маған ақылға салуға бір күн уақыт бер. Жаңағы айтқан жайды ойланып көрейін.

      Шоң Карбышевтын сөзінен қорқып қалып, түн ішінде Ризаны Қалимаш аулына жіберіп, оған сенімді адамдарынан күзет қойсын деген. Басқа ештеңе айтпаған.

      Содан Қалимаш Ризаға айтып жіберіпті: «Менің сүйген жігітімді Карбышев қайда құртып жіберді екен, соны біліп берсін» – депті.

      Ертеңіне барғанда Шоң сөз бастап еді. Қалимаш емес, Қаниса сұрады деп бастады сөзін:

      – Семен Иванович, Қаниса сізден сұра деп еді, Қалимаштың сүйген жігітін қайда жіберген екен, соны біл дейді маған.

      – Ол кемпір оны қайтеді. Қалимашпен қайыра қосқысы кеп отыр ма? Мен оны жындыханаға салғанмын, баяғыда өліп қалған шығар.

      – Өлсе өлсін. Бірақ шындықты айтып кетіңіз. Ол дүниеге жүк арқалап кетпеңіз.

      – Олай болса, ана кемпірге айт. Қалимаш жылқының жартысын беремін деп қолхат берсін, – деді.

      – Семен Иванович, бұл тілегіңізді орындаймын. Тек сіз қай жындыханаға салғаныңызды айтыңыз.

      – Сол Омбыдағы үлкен жындыхананың бірі. Қазір есімде жоқ. Ол тірі емес.

      – Сіз оның өлі-тірілігіне жауап бермейсіз. Тек шындықты айтқаныңыз дұрыс болар.

      – Шоң Телкозинович, мені қинай бермеші. Омбыдағы үлкен жындыхана деп отырмын ғой. – Осыны айтты да Карбышев көзін жұмып жатып қалды. Осыдан кейін Карбышев тіл катуды қойды. Тірі мен өлінің арасындағыдай бір күйде жатыр еді. Ақыры Шоң Қанисадан Қалимаштың жігіті туралы сұрады.

      – Оны сұрап отырған кім?

      – Қалимаштың өзі.

      – Мен оны білмеймін. Шалым өліп қалды деп жүрген.

      Таңертең ертелетіп Герасимовтың өзі келді де,