Қанат Жойқынбектегі

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап


Скачать книгу

болса, ояз сотының алдына барып сөйлесейік.

      Мына сөзді естігенде Әлпейістің зәресі кетті. Сонау Кенесары заманынан бері талай адамдар Сібірге айдалып, көбісі із-түссіз кеткен.

      Шоң айтса, оның сөзін анау отырған ояз өтірікке шығармайтынын біліп отыр еді. Ояз қиналмайды, Сібірге айдайды да жібереді. Көз алдына өзі көрмесе де, ел айтып жүретін Сібір елестеп кетті. Шоңның айтқанын ояздың екі сөзге келмей орындайтынына күмән жоқ. Қазір мына сөзді сонсоң айтып отыр деп бағалаған Әлпейіс.

      – Шоңке, мен айттым ғой, өртке ешқандай қатынасым жоқ. Сіз сенбей отырсыз ба?

      – Менің әбден көзім жетіп, содан кейін сені шақырып айтып отырмын саған.

      Әлпейіс сөз таусылғандай отырып қалды.

      – Сен неге үндемейсің?

      Әлпейіс мына Шоң бәрін біліп алып, мені шақырып отыр екен ғой деп ойлады. Сөзі бітіп қалғандай болды. Содан кейін айтқан:

      – Амалым жоқ, сіздің айтқаныңызды орындауға тура келеді. Сіз болыссыз, менен күштісіз. Кез-келген жерде ояз сіздің дегеніңізді жасайды.

      Шоң мынаның ақталу үшін, бір далбаспен айтып отырғанын білді.

      – Үйімді маған ренжіп өртегеніңді біліп отырмын. Сен өзің сөзді көбейтіп жібердің ғой. Олай болса, сен кінәлі емес екеніңді сот алдында дәлелде. Кінәсіз болсаң, ешбір адам саған күйе жаға алмайды.

      – Шоңке, сіз мықтысыз, мен әлсізбін. Сондықтан сіздікі әр уақытта дұрыс болып шығады.

      – Сен, Әлпейіс, бос сөз сөйлемей отыр. Сенің кінәң жоқ болса ешкім саған кінә қоя алмайды. Жазығыңның жоқ екенін сот алдында дәлелдеп шық деп айтып отырмын ғой…

      – Шоңке, сіз айтып отырғанда менікін олар дұрыс демейді. Олай болса, қазақшылық жолмен шешейік.

      Мынасы әбден мойындамау екенін түсінді Шоң.

      – Сонда билердің алдына барайық дейсің бе?

      – Билердің маған көзқарасын білесіз…

      – Енді маған не істе дейсің?

      Әлпейістің мойындап қалғанын Шоң енді біржола сезді. Содан кейін айтқан:

      – Менің қояр талабым – үйдің құнын төле!

      Болыстың соңынан қалмайтынын түсінген ол, содан кейін отырып:

      – Біз туыс адамдармыз. Сіздің басыңызға түскен бір ауыртпалықты көтеріп, бір үйді қайыра салып берейін. Тек сіздің көңіліңізде күдік қалмасын. Ояз судьясына сізбен бару маған да, сізге де ұят болар. Елге де сездірмей-ақ қояйық, – деді Әлпейіс.

      – Сен мына істі мойындап емес, менен қорыққаннан жасап отырған адамға ұқсайсың. Мен анық-қанығына жеткен соң, сені шақырып айтып отырмын. Тағы да айтамын, сен оған түсін. Сен өзің келіп, әдейі өртеген жоқсың. Бірақ сен жұмсаған адамдар жасады. Дұрыс айтасың, екеуміздің сот алдына барғанымызды естіген жұрттан ұят. Сені мен дұрыс түсініп отырсың. Мен сені сот, билер алдына апарып әуре етпейін. Сені де, мені де ел ертеңгі күні мазақ етеді. Оған бармай-ақ қояйын. Сен мына өртеніп кеткен үйді қалпына келтіріп бер, күз түскенше.

      Әлпейіс әлде де анық-канығына жеткісі келіп:

      – Шоңке, тура мені мойындатқандай етіп сөйлеп отырсыз. Мен әлгі сөзді ұялғаннан айтып