Қанат Жойқынбектегі

Ел Шоңы. Бесінді. III кітап


Скачать книгу

жазу бөлмесінде жатып қалуды әдетке айналдырған. Әйімкүл де бұрынғыдай келіп оятып, төсекке жат деп айтуды да қойған. Басы ауырып жүрген соң аяйды, мазаламайды. Қасына немерелерінің бірін алып жата кететіні бар. Шоңмен бірге тұратын Ахметжан әйелі-балаларымен бірге есік алдына құрылған киіз үйде жататын жаз айларында.

      Жаңа үй салып алғаннан бері Шоң басқалардай жайлауға көше беруді біржола қойған. Әйімкүл осы қысқы қоныста отырғанды ұнатпайтын. Дегенмен сол қысқы қоныста жаз бойы отыра беретін. Бұл жағдай Шоңға да көшіп жүре беруді енді біржола ұмыттырғандай еді. Басқаша айтқанда, орыс тәртібіне Ақмола уезінде бірінші көшкен Шоң болатын.

      Соңғы жылдары Шоң жазуге тіптен беріліп кеткен еді. Бүгін Шоң түннің біраз уақытына дейін жазу жазып, өзінің жазу бөлмесінде отырып қалған. Түн жарымына жақындап қалған кез. Кенет терезе қатты қағылды. Тура Шоңның өзі отырған бөлменің терезесі болатын. Ана жақтан: «Өрт, өрт!» деген дауыс бірнеше рет қайталап шықты. Ай жарық болатын. Шоң келіп терезеге үңілген. Өздерінің баяғыдан сиырларын сауып жүретін көрші әйелді бірден таныды. Жүгіріп тысқа шыққан.

      Біраздан бері жауын болмаған. Кеуіп тұрған ағаш үй лапылдап жанып жатыр екен. Қонақ бөлмесі жағы жартылай өртеніп кетіпті. Жаз айларында ілуде-шалуда ғана болмаса үй ішіндегі қазандыққа от жағылмайтын. Жаз айларында тамақты есік алдындағы жерошақта дайындайтын. Ал мынау үйден шығып жатыр. Қонақ бөлмесінен басталған. Шоң не істерін білмей тұрып қалды. Біреудің әдейі жасағанын бірден білді. Ауылда бұлардан оқшаулау отырған оншақты жалшы үйінен басқа ешкім тұрмайтын. Үш ұйықтаса олар өртейді деген ойына келмеді. Әр рудан болғанымен, туысқандай болып кеткен адамдар. Әйімкүл көңілінен шыққан адамдарды үйге жақын жерге қоныстандырған болатын. Әлгі терезе қаққан әйел ссік алдына тұр екен. Шоң одан сұрады:

      – Сен ешкімді көрмедің бе?

      – Біздің үй жақтан екі адам өткен. Дәу де болса солар болар. – Әйел осыны айтты да кетіп қалды. Шоң оны мазалаған жоқ.

      Бұл күні Ахметжан да ауылда жоқ еді. Шоң кайыра ішке кіріп, жазып жатқан қағаздарын жинап, Әйімкүлді оятып, далаға шығарды. Бұл кезде өрт үйдің бір жағын түгел қаптаған еді. Кеуіп тұрған ағаш қабырғалар сіріңкедей тұтанды. Шоң бар амалы таусылғандай, қарап тұрып қалған. Әйімкүл жүгіріп барып, айналадағы жалшыларды оятып әкелген болатын. Бұл кезде үйді түгел өрт шалған. Бұл маңайда жоқ, сәулетті үйдің таң ата орыны ғана қалған еді. Біреулердің әдейі өртегеніне сөз жоқ екенін білді. Өзіне өш, реті келсе аянбайтын адамдарын түгел ойдан өткізді. Біріне тоқтай алмаған. Көңілі айтады, көзің көрмей біреуді кінәлауың ғайбат болады дейді. Қасында тұрған Әйімкүл тура ойының үстінен түскендей етіп айтты:

      – Шоңке, сізге ренішті адамдардың біреуінің шаруасы ғой бұл.

      – Оны өзім де біліп тұрмын. Сонда кім деп ойлайсың?

      Әйімкүл бес-алты адамның атын атап еді, біреуі де Шоң ойынан шықпады. Есік алдындағы киіз үй ішінде немерелері мен Ахметжанның әйелі жатқан. Ұйқысы шала болған Әйімкүл солардың қасына барып жатып қалды.

      Шоң ойға беріліп, есік алдында біраз отырды. Ол ақыры бір қорытындыға келген