Абдраш Косбармакович Тебериков

Легенда о Теле


Скачать книгу

Т.Г. Шевченко Маңғыстауға айдалынған кезінде, аз уақыт Ырғызда тоқтап, өз күнделігінде жазу қалдырып, қаланың көрінісіне сурет салған. Осы жерден көш өткенде Абайдың атасы – Ырғызбай туылған деген деректер бар.

      Тел жаздық демалыс кезінде ауыл байларының малын баққан, шешесі жалдамалы жұмыс істейтін. Отбасының қамқоршысы, әкесінің інісі Баймағанбет, жалданып жұмыс істеп туыстарына көмегін көрсеткен. Жергілікті молда ауыл баласын арабша оқытқан. Оқуға құштар Тел Орынбордағы мұғалімдер дайындайтын мектебінде оқуды армандаған. 1904 жылы немересінің талабын мақұлдаған атасы, қолындағы екі өгізін арбалы жылқыға айырбастап, оны қалаға оқуға жібереді. Төрт жыл оқуы өте шықты. Үздік оқушы, математика, дүниетану пәндері жанына жақын болғандықтан, ол Орынбор училищесінің 3 курсына ауысты. Бұл кезде елдегі 1905ж. оқиғаларынан кейінгі революциялық қозғалыстар оны да тыс қалдырған жоқ. Өзі жазғандай, 1908 жылы Ресей орталығынан келген белгісіз адам,

      Орынбор оқу орындарының оқушыларының арасында жасырынды революциялық «өзін-өзі тану» аталатын ұйымша ашып, қатысушылары жасырын пәтерде бас қосатын. Осы жерде ол алғашқы рет революциялық жұмыстармен танысып, бүкілжүзілік жұмысшылар қозғалысы, олардың талаптарын оқып білді. Ұйымшаға қатысушы студенттер, гимназистер, оқушылар, оқу орындарының әкімшіліктеріне өз құқықтарын бұзуға қарсы жұмыс жасауына шақырылды. 1912 ж. училищені үздік бағалармен бітірген Телді Санкт-Петербургтегі мемлекеттік техникалық (политехникалық) институтына оқуға деген құштарлығы әкеледі. Бұл жерде оның алғаш рет жерлесі қазақ Мұстафа Шоқай; В. Молотовпен – Санкт-Петербургтегі заң және техникалық институттарының студенттерімен және де кадет, Ресей Империасының І шақыруының мүшесі – Әлихан Бөкейхановпен танысуы болды. Соңғысы жас студентті АлашОрда қозғалысы, олардың қазақ халқының мұқтажын орындап, бостандыққа апаратын күресімен таныстырды. Солтүстік астананың ауа-райы, студенттердің суық өзендерде бөрене өткізу тәжіребиесі, отаннан келген стипендияға қосымша ақша табу үшін тыңбай жұмыс істегені, оны созылмалы өкпе ауруына әкеліп соқты. «Қазақ» газетінің бірінші шығарылымында татар қауымдастығына алғыс жариялаған. Газетте Орынбор оқушыларына көмек көрсеткен үшін, арасында Петербургтегі студент Т.Жаманмұрыновқа 25 рубль берілгені туралы жазылған. Тел дәрігерлердің талабымен, ауа-райы жұмсақтау Мәскеуге ауысуына туракелді. 1913 ж. Мәскеудегі ПетровскоРазумовский ауыл-шаруашылық институтында (қазіргі Тимирязев академиясы) «Землеустройство» факультетінде оқуын жалғастырады. Факультет көп салалы білім берген. Дәлірек айтсақ: проектировщик, топограф, гидротехник, мелиоратор, маркшейдер салалары. Студенттер ауыл шаруашылығына қажетті инженер ретінде, түрлі техникалық мамандық бойынша білім алатын. Қаражат жетіспеушілігі кедей студентті ұлты еврей, Бірінші гильдия көпесінің үйіне әкеледі. Тел оқуын репетитор жұмысымен қатар жүргізеді. Ол көпес қызы Аннаға математика және би (өте қызық бірлесу) сабақтарын