Абдраш Косбармакович Тебериков

Легенда о Теле


Скачать книгу

– орталық большевик партиясының жіберген үкімдермен көп келіспеуі. 1919 ж. көктемінде өткен Үшінші уезд үкімінің съезінде, білікті маман, белсенді қызметкер болғандықтан, оны уезд ревкомның төрайымының орынбасары және земкомның бастығы жұмыстарына қайта сайлайды. Жаңа үкіметпен келіскен үшін, Ырғызға кірген атаман Могилев «ақтар» отрядының әскери сотының үкімімен 15 розгі сабауын алды. 1920 ж. ақпан айына дейін Тел «Алаш» партиясындағы әріптестері: К.Сейдалин және Т.Шонановпен, Ырғыз ақтардан босағанша, Торғайда жасырынады. Белгілі бір себептермен, одан әрі өзінің алашордамен байланысын көрсетпейді. 1919 ж. 4 сәуірдегі және 1920 ж. 15 сәуірдегі Бүкілресейлік Орталық большевик партия комитетінің шешімдері бойынша «Алаш» партия мүшелеріне амнистия жарияланды, олар ЭКП(б) кіре бастады. Тел жұмысшы- шаруалар инспекцияның және статбюро бастығы жұмыстарында жүріп, 1920 ж. коммунистер партиясының мүшесі болды. Бұл шешімге 1920 ж. 26 тамызда Қырғыз (Қазақ) автономиялық совет социалистік республика деп аталған. «Алаш» партиясының мақсаты жақындай бастаған сияқты. Алдағы келер қиын заман трагедиясын ешкім сезген жоқ. 1921 ж. сәуірде білікті шаруашылық маман ретінде КирЦИК Телді Қазақстанның астанасы Орынборға шақырып алады, оны Халық комиссарының орынбасар жұмысын атқарушысы және Наркомземнің мүшесі болуын бекітеді. Жаңа орынға ол жалғыз емес, он бес жасар әйелімен Сарыбатырова Айғаныспен (нағашы әжемізбен) барады. Әжем ол кездегі көзқарасымен, сауатты адам, ахуалы жоғары, білімді отбасында дүниеге келіп, оқу, қолөнер шеберлігін жақсы меңгерген. Адами қасиеттері: ақылдылығы, мейірімділігі өте биік кісі. Арабша оқи алатын, есте сақтау қабілеті жақсы еді. Өмірінің соңғы күніне дейін (87 жас) ақыл ойы анық, шатаспай әңгімесін айта беретін.

      1921-1929 жылдары лауазымды орында болған Тел автономиялық республиканың шекара демаркация, ашаршылықпен күресу комиссиясының жұмыстарына қатысады. 1921-1922 жылдарындағы ашаршылық 1,5 миллион қазақтың өмірін қиды. 1921 ж. 10 желтоқсанда құрылған комиссияға кіргендердің арасында А.Жангелдин, М.Ауэзов, Алманов, Асылбеков, А.Кенжин, А.Байтұрсынов, А.Байдилдин, Толеповтар бар. Комиссия амалдарды қарастырып, нақты шешімін: колхоздар құрып астық пен бақша егілу жұмыстарын жүргізу керектігін көрсетті. Инженер-мелиоратор ретінде Жаманмұрынов Тел осы жұмыстарға белсенді қатысты.

      Егіндерді суаландыру үшін водозабор, бөгеттер, плотина, дамба, каналдарды проектеу, құрылыс жасау жұмыстар жүргізілді. Осы жұмыстар көмегімен Ақтөбе облысында тары егіліп, майда бөгеттер арқылы балық өсүру мүмкіндіктер ашылды. Қазақстан суармалы егіндікке көше бастады. Тек Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында Жаланаш, Құттыкөл, Қасқатай, Масақ, Ақтүбек, Соркөл бөгеттері соғылды – оларды халық Тел бөгеттері деп атайды. Сол бөгетті көргендер, «Тел құрылысты ақ зіңгір костюм киіп атқа мініп аралайтын» деп айтатын. Жұмысқа ықылассыз қараған адамға қамшысын да көтере алатын. Геодезиалық құралдар жетіспегендіктен, өзі ластанам деп қорықпай, жерге жата салып планировкасын