Абдраш Косбармакович Тебериков

Легенда о Теле


Скачать книгу

төрағасы ретінде тағайындады. Бұл қиын тапсырма тек 1934 жылы орындалды. Телді тағы кезекті жоғары жауапты міндетпен Ақтөбе облыстық жоспар комитетінің төрағасы жұмысына жібереді. Осы жердегі үш жыл жұмысы облыс дамуына көп үлес қосты. Жиырмасыншы жылдары өзі бастаған гидромелиоративтік құрылыстар өз жемісін әкелді. Суарылған жерлерде тары егістер пайда болды, малға шөп өсіріп-оруға қолайлы жағдай туындалды, бөгеттердің арқасында жасанды көлдерде балықтар өсірілді. Елдің айтуынша, Тел құрылыста, егінде жиі жүретін. Облыстан тары егісте жұмыс жасаған жаңа еңбек ерлері шықты. Рекордты астық жинағандардың қатарында – Ш.Берсеев, О.Аманбаев, К.Белесов, А.Беристенов болды. Рекордтан да жоғары бағалауға тұратындай мәлімет – отызыншы ашаршылық жылдары Ырғыз ауданында бір де бір адам аштықтан өлген жоқ, ауылдан кеткен жоқ. Себебі ел тарымен бақша дақылдарын жинап, балық ұстаумен аман қалды. Мұны ел ұмытпаған. Бүгінге дейін атасынан баласына айтылып келе жатқан шындық. Бұл туралы тақырыпты кейін жалғастырармын. Жаманмұрынов Телдің қатысқан үлкен жобасы – ол Қазақстанда, Қарақалпақстанда түйе малын өсіру. Бұл шешім Мәскеудегі Ауыл- шаруашылық наркоматында қабылданды. ЦИК ҚазССР-ң төрағасы У.Құлымбетов, Телдің жерлесі әрі досы СНК РСФСРнің төрағасы Т.Рысқұловпен келісіп, 1936 ж. түйе малын ғылыми-зерттеу институтының директоры Жаманмұрыновты Мәскеуге шақыртып, бір топ мамандарды басқарып Монғолияға баруды ұсынады. Іс-сапардың мақсаты: Қазақстанға селекция жүргізү үшін 8,5 мың түйе әкеліп мал базысын құру, соның көмегімен ашаршылықпен күресу мәселесін толық шешу, оған қоса шөлдала жерлерде мал өсіріп, жартылай көшу шаруашылыққа жол беру. Бұл іссапар сегіз айға созылып, жақсы жұмысы үшін Наркомзем СССР Жаманмұрынов Телді жеке «ГАЗ М-1» (халық аузында «м-ка») маркалы автокөлікпен марапаттады. 1936 жылы СССР «ГАЗМ-1» автокөлікті бетке ұстар алдыңғы қатардағы передовиктер, мәдениет қызметкерлері, партия номенклатурасы, зауыт директорлары және әскери басшылары үшін шығара бастаған.

      1937 жылы маусымның 5-12 күндері аралығында Алматыда өткен КП(б) Қазақстанның бірінші съездінде ЦК бірінші хатшысы Л.Мирзоян осы еңбегін бағалап:

      «…Жаманмурунова послал в Монголию за верблюдами Крайком, и, надо сказать, Жаманмурунов выполнил это задание, верблюдов привез, ни один не подох…» деп айтқан болатын. Мәскеуде іс-сапарлармен болған кезде Тел Коминтерн мектебі (ХХ ғ. ортасында бүкіл халықаралық ұлттардың бостандық күрестердегі басшыларын дайындаған) жаңында совет партиялық қызметкерлеріне арналған қысқа мерзімді курстарда оқыды. Бұл жерде оның Совнарком СССР төрағасы В.Молотовпен (онымен 1912 ж. Санкт-Петербургтің техникалық институтында бірге оқыған) қатынастары жалғасады. Кейін бұл таныстық Жаманмұрыновтың отбасына сәл де болса жақсы әсерін тигізеді. Сол жылдары, 1934 жылы орын алған бір оқиға болды. Кезекті іс-сапардан келе жатқан Телді, Әулие-Ата (қазіргі Тараз қаласы) станциясында ОГПУ көлік бөлімінің қызметкерлері тұтқындап, пойыздан түсірді. Пойыздағы жолаушылардың бірі, Телдің