Абдраш Косбармакович Тебериков

Легенда о Теле


Скачать книгу

қазақтарды майданға, орыс тілін білмеуімен байланысты, қосуға болмайтының алға тартып, оларды тек артқы жұмыстарға пайдалуына уәделесті. Тел отандастарына үнемі орыс тілді, әдебиетті, қару қолдануды үйрену керектігін айтатын. Сендер алда «Алаш-Орда» мемлекетінің әскери қатарында боласындар. А.Бөкейханов, М.Дулатовтардың қол астында жұмыс жасаған Тел «Алаш- Орда» қозғалысын толық қабылдап, өз үлесін қосқан. Тел 1917 ж. ақпан төңкерісі кезінде Минскіде болған. 15 наурызда он алтының қолы (А.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Есболов, Н.Төреқұлов және т.б., оның ішінде Т.Жаманмұрынов бар) қойылған «Жаңарған Ресейдің тәуелсіз азаматтарына, қазақтарға. Барлық Ресей азаматтары үшін тәуелсіздік, бірлік, ынтымақтастық күні туды… Бүкілқазақстандық съезіне кандидаттар сайландар. Біздің мақсатымыз – демократиялық мемлекет деген жазуы бар жеделхат Қазақстан бойынша 25 мекенжайға жіберілді.

      1917 ж. 5 мамырда Уақытша Үкіметтің, арттағы жұмыстарға тартылған адамдарды «үйлеріне қайтару» туралы жарлығы шықты. Қырық бетке ұстар алашордалықтар арасындағы Тел де, 100 мың қазақтарды эшелондармен отанға қайтару жұмыстарына қатысты. Соғыс, төңкеріс аласапыран жылдарында осындай әрекеттер арқылы адамшығының азайтуына, қазақ генофондың сақтау үшін күш салған еді. Алашордалық жолын толық қабылдаған Тел, басшыларының талабымен, бұл қиын уақытта отанында болу керектігін түсініп, ол баласымен әйелін алып, көп жылдардан кейін, Мәскеуден Ырғызға қайтады.

      1935 жылы жазылған өмірбаянында Тел репрессияға ілінбеу амалымен, 1917 ж. мамыр айында отанына артқы жұмыстардан қайтарылған қазақтар мен серіктесіп қайтқанын көрсеткен еді. 1917 ж. 27 мамырында шыққан «Қазақ» газетінде «…Басқалармен, Тел басқарған ақтөбеліктер, Біләлмен жетісулықтар отанға оралды… Жолда адасқан, қалып қалғандарды іздестіру жұмыстары және оларды азықпен қамтамасыз ету жүргізілуде» деп жазылған. Бұрынғы Ресей Империясының интеллигенциясы (кадеттер, эсерлер және демократиялық ұлт өкілдері) арасынан атқарушы, коммуналдық, азаматтық комитеттер құрылып жатыр.

      Торғай облыстық азаматтық комитетінің директивасымен Жаманмұрынов Тел Ырғыз уезд комитетінің Төрағасы болып тағайындалды.       Бұл       уақытта Орынборда       А.Бөкейханов,

      А.Байтұрсынов, М.Дулатов елді ағарту, саяси оқыту, өсіру, өзінөзі тануына мүмкіндік көрсетуге арнап құрған «Еркін Дала» бірлестікке кірген Тел – оның да жұмысын басқарады. Осындай қадамдармен «Алаш» қозғалысы басталған еді, оның бас мақсаты – тәуелсіз қазақ мемлекеті, демократиялық республика. Осы қайнаған қазандай жұмыс ортасында Телдің өз орны бар болатын. Ол әрдайым «Алаш» партиясының алдыңғы қатарында табылатын. 1917 ж. 1-2 сәуірінде Торғай облысының қазақтар съезінде «ұлтшыл студент» деп жазылса, сол жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен, бірінші бүкіл қазақтар съезінде

      Торғай облысының өкілі деп қатысты, ол А.Байтұрсынов,

      А.Бірімжанов, С.Досжанов, Г.Темиров, Е.Оразов, А.Бөкейхановтармен қатар Бүкілресейлік съезіне депутат