Коллектив авторов

Қасымжанов Ағын. Өнегелі өмір. Ш. 32


Скачать книгу

ұштастырады. Бұл әдіс Р. Бэкон, Г. Галилей, Ф. Бэкон, Р. Декарт белгілеген методологияның бастамасы болды. Әл-Фараби философиясының жаратылыстану мен математика саласындағы жетістіктермен тығыз байланысын жете түсіну үшін әлі де көп жұмыс істеуге тура келеді, ал тарихшылар мұның маңызы ерекше екенін барған сайын сезіп-біліп отыр.

      Ибн Синаның даңқы ең алдымен «Медицина каноны» арқылы шыққан болса, әл-Фараби «Үлкен музыка кітабының» авторы ретінде әйгілі. Бұл – эстетика, психология, акустика, математика, аспап өнері проблемаларын қамтитын жиынтық шығарма. Осы трактат жайындағы кіріспе пікірлерден ізденіс-зерттеудің тыңнан жүргізілгені, соқыр сенім атаулыдан аулақ, айқын творчестволық программаның алға қойылғаны көрінеді. Әл-Фарабидің өзі жазғанындай, осы еңбекке кірісер алдында ол антика ғалымдарының, олардың ізбасарлары мен замандастарының еңбектерін мұқият қайта оқып шыққан. «Егер осы тақырыптың барлық саласын қамтитын егжей-тегжейлі, толық зерттеу бұрыннан бар болса, онда нақ осы мәселе жайында кітаптар жазу пайдасыз болар еді»9. Ол мұны ғылыми этика принциптері негізінде былайша түсіндіреді: «Басқа адамдардың айтқан пікірін иемденіп кету надандық болар еді, мұның өзі ниеті арам адамға лайық қылық болар еді»10. Оның шығарманы неліктен жазғанын бұдан әрі түсіндіруінен асқан кішіпейілділігі көрінеді. Ол өзінен бұрын- ғылардың дарынын мойындап, оларда ғылымды ілгері басты- рудан басқа мұрат болған жоқ деп біледі: «Осынау алғыр ойлы адамдар бірінің ізін бірі басып отырды, әрқайсысы өзінен бұрын өткендердің айтқан пікірлерін зерттеді, сөйтіп өзінің алған білімін кеңейте түсті. Алайда олардың музыка жайындағы еңбектері де жоғалып кеткен, не араб тіліне аз аударылған; менің түсінуімше, олардың кемістігі тек қана осы» 11.

      Әл-Фарабидің ойынша, кез келген теория жасау үшін керекті алғышарттар: принциптерді игеру (және бұларды белгілеп көрсете білу), принциптерден дәйекті түрде басқа қағидаларды туғызып отыру және осы теория жөніндегі түрлі пікірлерді сын көзімен талдау. Сонымен қатар ол зерттеулерінде ерекше орын алған, өзі жасаған әдісті үлкен жетістік деп біледі. Бұл әдістің өзгешелігі мынада: Ол музыка принциптерін және соған қатысы бар мәселелерді зерттеумен тынбайды. «Өзіміз қолданып жүрген музыкалық аспаптарды» үйреніп алғанға дейін зерттеуін жүргізе береді, сөйтіп «осы аспаптардың көмегімен… принциптердің қалай жүзеге асырылатынын» көрсетеді… Осы аспаптардың әр- қайсысынан келетін пайданы біз анықтап түсіндіреміз, кәдуілгі практикада әлі де көріне қоймаған басқа нәтижеге қалай жетуге болатыны жөнінде ақыл-кеңес айтамыз»12.

      Әл-Фараби философиясының нақты мазмұнын талдай келіп, онда дүниенің материялылығын, себептілік, таным процесі, қоғам, адамгершілік, т.с. сияқтыларды түсінуде материализм мен рационализмнің айқын нышаны бар екенін көреміз. Еуропашылдық бағыттағы әдебиетте орын алып келген орта ғасырдың бастапқы