Ғылыми кеңесі жоғары бағалап, оған университеттің профессоры атағын берді, сонымен қатар әл-Фараби атындағы «Алтын медалімен» марапаттады. Еліміздегі жас мәдениеттану ғылымына сіңірген елеулі еңбегі профессор Садуахас Темірбековті осы саладағы ең танымал, белді ғалымдардың біріне айналдырды.
Өмірінің соңғы жылдары жазған «Өмір өрнегі» атты кітабы 2010 жылы баспадан шықты. Бұл еңбектің бірінші бөлімінде Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың еңбек жолындағы азаматтық, адамгершілік тұрғыдан мемлекетті басқару саясатын жүргізудегі құндылықтарын саралап, оның адами портретін сомдауға арналса, ал екінші бөлімін өзінің ғылыми публицистикалық мақалалары құраған. Садуахас Темірбековтің ұзақ жылғы педагогикалық әрі жетекшілік қызметі өз алдына, ғылыми шығармашылығында арқау болған рухани және адамгершілік құндылықтар, адами қасиеттер мен тектілік, тазалық пен адалдық, ашық көңіл мен бауырмалдық оның өзінің бітім-болмысынан табылатын еді.
Осы орайда, Садуахас Темірбековтің кәсіби білімі мен біліктілігімен қатар, барлық қазақ зиялыларына тән жеке басының мәдениетін ерекше атап айту абзал. Ғасырлар бойғы ұлттың мәдени-рухани құндылықтарын ұрпақтан-ұрпаққа мирас етіп, мәйегін бұзбай келешекке табыстап, сол халықтың жарқын болашағы үшін бүкіл саналы ғұмырын арнаған қазақтың біртуар текті ұлдарына тән өнегелі өмір жолын кейінгілерге үлгі ету әбден орынды. Күн өткен сайын Сәкең сияқты азаматтардың халыққа еткен өлшеусіз қызметі мен жеке болмыс-бітіміндегі аңызға айналған азаматтық кескін-келбетінің тұғыры әманда асқақтай түспек. Адамгершілігі зор, ізгілігі мен ілтипаты мол, қай қырынан алсаң да аса сирек кездесетін ерекше жандардың бірі еді. Сол себепті де Сәкеңнің көзін көріп, шарапаты тиген адамдардың жадында жатталып қалған ол туралы айтылар естеліктер мен сағынышты үзік сырлар әлі де толассыз жалғасын таба береді деген ойдамыз.
МҰРАҒАТ ҚҰЖАТТАРЫ
ӨМІР ӨТКЕЛДЕРІ
АНАНЫҢ АҚ СҮТІ
Көзімді ашып, өмірден бірдеңе түсіне бастаған кезімнен, ең алдымен, түйсінгенім – анамның елжіреген ыстық