Коллектив авторов

Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35


Скачать книгу

болуына да осы қасиеттер үлкен әсерін тигізді. «Ақтың ақысын құдай жемейді» деген сөз бар. Қандай бір алмағайып замандарда менің бойыма әке қанымен, тәрбиесімен берілген осы «адалдық» қасиеті – менің мәңгілік «оққағарым» болды. Осы қасиет мені өсірді, қорғады және халық ілтипатына бөледі.

      АУЫЛЫМ – АЛТЫН БЕСІГІМ

      Мен мектепке 1939 жылы бардым. Бұл соғысқа дейінгі жылдар болатын. Есім кіріп қалған. Сол кездің өзінде көп нәрселерді аңғаратындай жағдайда едім. Ойыма түсетіні – үйге кісілер келсе, әкем марқұм қызмет жаса деп шақырып алып, солардың әңгімесін тыңдататын. Ол кезде орынсыз қылжақбас сөздер айту деген атымен болмайтын. Меймандардың қолына су құюдан бастап, дастарқан жаю, тағамдар қою, төменгі жақта отырып шай құю, оны кісілерге екі қолдап ұсыну мәдениетін мұқият үйрететін. Үлкеннің алдын кесіп өтпеу, сәлем беру, артық сөз айтпау, жұмсаса тілін алу, жүгі ауыр болса көтерісу, бітпей жатқан тірлігіне жәрдем беру өнегесін ата-аналарымыз ылғи құлағымызға құйып отыратұғын.

      Баланы жас кезінен еңбекке баулу мәселесі өз алдына үлкен әңгіме. Мүмкін жоқшылықтың салдары болды ма, әйтеуір әке-шешеміз ерте оятып, қозы бағуға жіберетін. Тары піскенде таң сәріден тұрғызатын, оны шымшықтардан қорғайтынбыз. Астықты комбайн орып кеткен соң, масақ теретінбіз. Әр жерде қалған бидайдың бастарын жинап, колхозға өткіземіз. Ол кезде үйме-үй қауын-қарбыз, қызанақ, қияр, сарымсақ егетін. Солардың арамшөбін жұлып, кетпендеп соңынан суғаратын едік. Әркім өз учаскелерінде бидай, арпа, тары өсіретін. Осы дақылдар піскенде, оларды кішігірім орақпен орысамыз. Көктемде, біздің жақта, жерді жер ағашпен екі өгіз қосып жыртатұғын. Біз сол өгіздерді жетектеп жүреміз. Не керек, көзіңді ашқаннан бастап, үйге қажет еңбектің барлық түрлеріне жегетін. Еңбексіз өмір жоқ екенін іс жүзінде бастан өткізіп, санамызға сіңіретінбіз. Үгіттеу жоқ, тіке жұмысқа кірісіп кетеміз. Біздің ұрпақтың дерлігі бұл үрдісті басынан өткізді десем, қателеспеймін. Сондықтан да университетке түскен кезімізде қала балалары тек берген сабақты дайындаса, елден келген біздер олардан жұмысты екі есе артық істедік. Ауылдық мектептен алған біліміміздің олқылығын толтыру және күндіз-түні жатпай-тұрмай орыс тілін үйрену қажеттілігі туындады.

      Ол кездері ауылда табиғатты керемет аялайтұғын. «Көкті жұлмаңдар, оны таптамаңдар, су жүретін арық шапқанда, мүмкіндігі болғанша көк шөбі сирек жермен өткізіңдер, малды өріске айдағанда, бітік көгалмен жүргізбеңдер» деген өсиеттерді жасы үлкен кісілер қайталап отыратын. Наурыз айы келгенде ауылдың кетпен, күрек ұстауға жарайтын азаматтары жаппай арықтарды тазалауға кірісетін. Жас балаларға шөп-шаламдарды, қоқыстарды бір жерге жинатып, өртететін еді. Қайнардың көзін тазалау үлкен жиынға айналатын. Мал сойылушы еді. Наурыз мейрамының сол кездегі тойлануына байланысты соңғы кездерде орынсыз әңгімелер айтылып жүр. Соның ішінде «наурыз көжеге тыйым салынды» деген сөз де бар. Біздің ауылда сол кездердің өзінде наурыз көже