Коллектив авторов

Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35


Скачать книгу

жылуарлығы, жан-жақты дайындығы бізді ерітіп әкететін. Оқушылар мен мұғалімдер арасында немесе оқушылардың өз арасында күрделі шиеленісу болып қалса, осы ағайымыз келіп төрелік жасайтұғын. Біз соған тоқтаушы едік. Мынандай бір жағдай болды. Есболған Ботанов деген Сайрам ауданынан 9-сыныпқа келген бала бар еді. Тілі өткірлеу болатын. Сол Егемберді деген сыныптасымыздың жанына тиетін ауыр сөз айтыпты. Үзілістің кезінде Егемберді оны «сыртқа шығайық» деп сүйретіп барады. Біз артынан қуып жетіп, ажыратамыз дегенше жұдырықпен бір ұрып, аузы-мұрнын қан етті.. Бұл мектепке тез жайылып кетті. Осыған байланысты барлық тоғызыншы сыныпта оқитын балалардың басын қосқан жиналыс болды. Егембердіні «интернат-пансионнан шығару керек» деген мәселе қойылды. Жиналыс у-шуға айналып кетті. Бір кезде Тілеуқабыл ағай жиналыс басқарып отырған адамның қасына шыққан замат айғай- шу басылып, жым болды. Ол кісі «Есболғановтың қол жұмсауын бұзақылық дей келіп, мұны интернат-пансионнан шығарсақ, оқи алмай қалады. Әке-шешесінің тұрмысы нашар, оның үстіне сендер жассыңдар ғой. Ал жастар арасында мұндай жағдай кездесіп тұрады. Ол үшін шетінен шығара берсек, мектепте оқитын бала қалмайды. Егер де мақұл десеңдер, Есболғановқа қатаң сөгіс жариялансын, ол Ботановтан кешірім сұрасын. Ал, Ботанов, сен кешірімді бол, атам қазақ айтқан ғой, «бас жарылса, бөрік ішінде, қол сынса, жең ішінде» деп. Осыған қалай қарайсыңдар?» деді. Жиналғандар «дұрыс» деп шу ете қалды. Осыған ұқсас сөздерді басқа мұғалімдер де айтқан болатын, бірақ оған ешкім құлақ аспап еді. Ал Сопбек ағай айтқанда бәрі жым болып, бірауыздан келісті. Бұл – ол кісінің өзін-өзі мүлтіксіз ұстай білуі, асқан мәдениеттілігі, балаларға барынша әділетті болғандығы мен терең білімділігінің нәтижесі еді. Осы ағайға қатты еліктейтінбіз, сондай болсақ деп армандайтынбыз. Кәрім Ищанов, Сопбек Тілеуқабылов ағайлардың күшті ықпалымен біздер нағыз адамның бойында қандай қасиеттердің болу керек екендігін түсіне бастадық. Бұл тек оқумен ғана шектелмей, ол өмірден, жақсылардан көргендеріңді миыңа тоқу керектігін аңғартты. Біз есейе бастадық. Осының басында Сыпатаев атындағы мектептің сол кездегі өздерінің білімін, жүрек жылуын, шынайы әділеттілігін, жас буынға деген жанашырлығын аямаған аяулы ағайларымыз бен апайларымыздың тұруы біз үшін үлкен бақыт екен. Оны біз сол кезде сездік, кейін есейгенде өмірдің қайнаған ортасына кіріп кеткенде толық түсіндік.

      Бұл мектептің бергені тек білім ғана емес еді. Мұндағы тәрбие біздер үшін айнымас достық пен ынтымақтастық қалыптастыра білді. Жігіт болдық, қыздарымыз бойжетті. Келешектегі бүкіл өмірімізде бір-бірімізді қолдап жүрдік. Мен осы мектепте Өмірбек Жолдасбековпен танысып, айнымас дос болып кеттік. Арамыздан қыл өтпеуші еді. Достасуымыз қызық болды. Сегізінші сыныпта оқып жүргенде, Өмірбек бір топ жолдастарымен бізге қорғасын зауытынан ауысып келді. Қыркүйек айының ортасында қалаға жақын жердегі Тассай деген ауылға мақта теруге алып келді. Кешқұрым түстік. Үйлер дайындап