Коллектив авторов

Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35


Скачать книгу

студенттердің бәрі осылай болса мен оқуды қоятын шығармын деген ойға келдім. Жоқ, басқалары жауап бергенде қорқынышым сейілгендей болды. Сөйтсем, Ағын ерекше білімді екен. Оның ойлау қабілеті, эрудициясы, орыс әдебиетін, батыс әдебиетін білуі, ежелгі гректердің ойшылдарын мектепте жүріп меңгергені оның білім жағынан бәрімізден көш ілгері алда екендігін көрсетті. Ол университетті бітіргенге дейін алдына жан салған жоқ. Университеттен кейін де ең бірінші болып диссертация қорғады. Бірте-бірте дүниежүзіне аты белгілі философ болды. Біздің мақтанышымызға айналды. Қазақ академиясының философия институтында «Фарабитану» бөлімін басқарып, ұлы бабаларымыздың еңбектерін өз еліне қайтаруға көп еңбек сіңірді. Философия факультеті ашылғанда, студенттерге дәріс оқып жүрді. Бұл университетке Өмірбек Жолдасбеков ректор болған соң, үлкен ғалымдарды жинауға ерекше мән берді. Және оны табанды түрде іске асырды. Сол кезде Ағын да біржола университетке ауысты. Университет төрт бөлмелі пәтер берді. Кафедра меңгерді, декан болды. Не керек, факультеттің қалыптасуына аянбай еңбек етті. Абыройлы болды, шетел философтарымен байланыс жасады. Сондай жемісті еңбек етіп жүрген кезде Горбачевтың «Қайта құру» дүрбелеңі келіп жетті. Адамдар осы бір алмағайып кезеңде бір-бірінің соңына түсе бастады. Өмірбек Жолдасбековтың басына да сондай зауал туды. Оның жасампаздығынан, жаңашылдығынан, қатаң талап қоюшылығынан құтылудың амалын іздегендер «домалақ арыздарды» жаудырды. Олардың Орталық партия комитетінде З. Камалиденов сияқты идеологы отырды. Не керек, Өмекең қолдайтын күшті мамандардың, көрнекті оқымыстылардың соңына шырақ алып түсуге үлкен жол ашылды. Сондай жағдайда аса ірі философ Ағынның да қарсыластары үлкен белсенділік көрсетіп, не болса, соны желеу етіп, оның үстіне сол факультетте істейтін З. Камалиденовтың күйеубаласын пайдала- нып, оны қуғындауға кірісті. Ақырында іздесең таптырмайтын маманды жұмыстан шығарып, малшаруашылығы институтына мұғалім етіп жіберді. Олар осындай бейбастықты «қайта құру» деп есептеді. Сол кезде мен Ағынның соңынан үріп жүргендерді айдақтайтынның біреуіне: «Мына тірліктеріңді қойыңдар, ертеңгі күні ұятқа қаласыңдар, Ағын да адамның баласы, кемшіліксіз емес, бірлі-жарымдарыңа сөзі, ісі өткен шығар? Бірақ та ол ешкімді қудалаған жоқ қой? Ең маңыздысы сендер студенттерді өте керек лекторлардан ажыратайын деп отырсыңдар. Бұл – орны толмайтын нәрсе» деп айтқанымды тыңдамады. Кейін заман орнына келгенде Ағын факультетке қайтып оралды. Сол факультеттің ашылғанына байланысты бітіргендерді шақырып, ғылыми-теориялық конференция өткізуге белсенді түрде қатынасты. Ағынның «Саясат және философия» деген баяндамасы тыңдаушыларды жаңа идеялармен сусындатты.

      Сонымен, философия факультетінің бірінші курсының студенті болып жүріп жаттық. 1949 жыл – тұрмыстың ауыр кезеңі, күн көрудің өзі оңай емес. Бірақ та студенттердің білімге деген құштарлығында шек жоқ. Оған ұмтылуымыздың түрі басқаша. Біздер, яғни, елден