Коллектив авторов

Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35


Скачать книгу

әбден тыңдап болып, қып-қызыл құмның ішінде Сырдың суының тасығанынан пайда болған көлшіктің жағасында отырған үй иесі былай деді.

      – Шырағым, сөзіңнен байқаймын, сенің елің тура жұмақтың өзі сияқты болып тұр, бірақ мен үшін, менің бала-шағам үшін дүниежүзінде осыдан асқан жер жоқ. Бұл – менің ата-бабамның қонысы, мұнда солардың сүйегі жатыр, сіздің айтқан сөзіңіз менің басыма кіріп отырған жоқ, – деді.

      Әңгіменің қызығы алда болды. Кептіріп қойған қамыры бар екен. Соны алып, етті түсіріп әкелді. Кебежеден жартылықты алып қойды. Менің ішім ауырып жүр. «Тамақты жей алмаймын», – дегенде үйдің иесі қапаланып кетті. Көңілі бұзылғанын көріп отырмын. Неге жемейсіз деместен бір әңгіме айта бастады: «Менің бала жігіт кезім. Өзіммен жасты досым болатын. Ағам үйленген еді. Досымды үйге ертіп келгенде, жеңгем алдымызға ас қойып «жеп қойыңдар, қайындарым» – дейтін. Менің досым өте ұялшақ болатын. Қысылып отырып, тамақ жемейтін. Бір күні жеңгем қайнысына: «Қайным, сен қыздай бала екенсің, қыздайлығың сонша, бір күні қатын болып кетейін деп тұрсың ғой», – дегені бар.

      Осы әңгімесін тауысқан соң, үй иесі маған қарап: «Не айтайын, мейман жігіт. Сонша әуре болып тек сіздер үшін істеген тамағымнан дәм татпай отырсың. Айтарым сол, сенде қыздай жігіт екенсің» – дегені. Осы сөзге шыдай алмай мен стаканға толтырып арақ құйғызып, ішіне бір қасық тұз салып араластырып тартып жібердім де, тәуекел етіп алдыма қойған асты аямай соғып алдым. Үй иесі риза болды. Біз ол кісінің айтқан әңгімесіне күле-күле отырдық.

      Осы оқиғадан аңғарғаным – қазағым қандай меймандос, көңілі тап-таза халық. Барлық ықыласымен адамгершілікті аямай жасайтын халық қой. Не деген қасиеттілік, не деген ізгілік. Бізді танымайды. Жолдан өтіп бара жатқан біреулерміз. Оларға қой сойып, барын аямай алдарына қойып, ақ пейілін ақтарып салып отыр. Халқымыз қандай шайқастар мен қиыншылық көрсе де, жер бетінен жоқ болып кетпей жүргені де осы ақ көңілі, адал жүрегі, қолының ашықтығы, адамгершілігі шығар деп ойлаймын. Осылардың өзі ылғи жақсы үмітке жетелеп, қасиетті жолға салатын болар. «Құдай – бергенге береді» деп тек айтылмаған. Бұл – шытырман өмірдің барлық құбылыстарын қорытып айтқан халық даналығы.

      Қызылордада қызмет істеген жылдары Әбдіжәми Байшуақов сияқты қамқоршы аға, көптеген дос-жаран таптым. Олардың бірқатарымен әлі күнге дейін қарым-қатынасымыз үзілмей келеді. Солардың ішінде өте көңіліміз жақын болып кеткен, өмірге деген көзқарасымыз да көп ұқсастықтар бар, ұзақ жылдар басшы партия қызметтерінде абыройлы болып, бүгінде пенсияға шыққан Дәуірхан деген азамат бар. Мен оны «қайнаға» деймін. Өйткені, Қызылордада істеген жылы өзімнің өмірлік жарым Фариданы таптым. Фарида менің әулетімнің анамнан кейін шашырай бастаған сиқын қайта жинап, екі інім, бір қарындасымды қолына алып, оларды өсіріп, отау құрып, еншісін беріп, бөлектеді. Менің бақытымды да, қуанышымды да бөлісе білді. Төрт ұл сыйлады. Олардың бәрін өзі тәрбиеледі. Жас кезімнен қызметке араласып