Коллектив авторов

Темірбеков Садуахас. Өнегелі өмір. Ш. 35


Скачать книгу

мен экономистер біз аштық деп жүр. Оған не айтасыз?» – деді. Оған мен былай деп жауап бердім. «Мұның себебі өте қарапайым. Біздің кейбір философтар мен кейбір экономистер К. Маркстың «Капиталын» терең түсініп оқымағандықтан». Айтқаным сол екен, профессор Панцхаба бір рақаттанып күліп: «Ой, дорогой, как ты правильно сказал, действительно они «Капитал» Маркса глубоко не изучают», – деді. – Сіз қандай мамандықты бітіргенсіз?» деп сұрады. Мен 1954 жылы Қазақ мемлекеттік университетінде философия факультетін бітіргенімді айттым. Ол таңданып қалды. Онда мұндай факультеттің болғанын білмеген екен.

      Осынша сүрген өмірімде институттарда мұғалім болдым. Орталық Партия Комитетінде бөлім меңгерушісі қызметін атқардым, енді, міне, кафедра профессорымын. Барлық қызметімде университеттің философия факультетінде алған тиянақты білімім менің айнымас тірегім болды. Қандай бір қиын жағдайларда жол көрсететін жарық жұлдызым болды. Рухани шаршағанда дағдарыстан алып шығатын нағыз дәруменім болды. Менің саналы өмірімде осы университеттің студенттігінен бастап, еңбек етуімнің соңғы сатысын осы ұямда өткізіп жатқаныма өте бақыттымын. Әл-Фараби атындағы Қазақтың ұлттық университеті шын мәнінде менің университетім.

      АҚ НИЕТ, АДАЛ ЕҢБЕК – ӨМІРЛІК МАҚСАТ

      Оқу бітіргеннен кейін, Қызылорда қаласына жұмысқа келдім. Қазақстан мәдениет министрлігі мені сондағы облыстық мәдениет басқармасының жанындағы облыстық лекциялық бюроға директор етіп жіберді. Келісімен әлгі басқарманың бастығы Абдіжәми Байшуақов деген кісіге кірдім. Жақсы қабылдады. Киген киімім өте ескі еді. Анам қайтыс болып, әкем шеттей бала-шағамен қалып, соларды асыраудың әуресімен болатын. Артық мал да жоқ. Сатып бере салатын ақша болса да жоқ. Үсті-басыма қарап тұрып Әбекең: «Жігітім, бес жыл оқимын деп тұрмыстан жүдеп қалған екенсің, саған жәрдем керек. Обком партияға айтып, пединститутқа жарты ставкаға мұғалім етіп орналастырайын», – деп біреуге телефон соқты. Орнында екен. Онымен сөйлесіп: «Бізге университетті бітірген бір жігіт келді, соны пединститутқа жарты ставкаға орналастыруға жәрдем бер», – деді де, орнынан тұрып, маған: «Жүр, кеттік», – деп бірден обком партияның мектептер бөлімінің меңгерушісі Уали Төралиев деген кісіге алып келді. Біраз әңгімелесіп, менің мән-жайыммен танысып болған соң, пединституттың проректоры Быковаға телефон соғып, мен туралы сөйлесті. Соңынан сол институтқа орналасып алдым. Қызметке кірісіп кеттім. Аудандарға лекция оқуға шығып, ел-жұртпен танысып, халықтың өмірін көре бастадым. Шыны керек, бұл облыста елдің тұрмысы өте ауыр екен. Қыркүйек айында күріш орағы басталады. Соған байланысты мен Қазалы ауданына лекция оқуға іссапарға шықтым. Колхоз, совхоздарды аралап жүріп, бір күні Қарақалпақстанмен шекаралас жердегі Андреев деген колхозға жеттім. Колхоз бастығы жас жігіт екен. Күндіз екі жерге лекция оқыдым. Кешке үйіне бардық. Тамағын жеп, жататын уақыт болғанда үйдің иесі, колхоздың бастығы