Кеңес Оразбекұлы

Қанатты сөз – қазына. 2-кітап


Скачать книгу

(ұрды) атты», «аруақ қысты», «аруақ қолдады», «аруақ (демесін, жебесін) қолдасын», «аруаққа шет болма», «аруақ жар бола көр» және т.б. тіркестер ата-баба аруағын меңзеп тұрған жоқ па.

      Аруақ* – араб сөзі, «рух» дегеннің көпше түрі: діни сенім бойынша, көзге көрінбейтін, табиғаттан тыс күштер, өлген кісінің, ұлы адамның (әулиенің) «жаны» мағынасында қолданылады. Ата-бабамыздың аруағы, аруақ қонған кісі тәрізді тіркестер де бар.

      АРМЫСЫЗ!

      «…Біздің қазақта да, меніңше, әр заманда әрқалай амандасып жүрді. Мәселен, Ислам діні біздің даламызға жайылмас бұрын бізде «ассалаумағалейкум!» «уағалейкумассалам!» деген амандасу түрі болған жоқ, әрине. Өздеріңізге мәлім, «ассалаумағалейкум!» деген сөз «саған Алланың нұры жаусын!» деген сөз. «Уағаллейкумассалам!» дегені «сізге де Алланың нұры жаусын!» дегенді білдіреді. Демек, бұл – таза дінге байланысты амандасу. Ал оған дейін көшпелі халықтар, оның ішінде қазақтар: «Армысыз!» деп амандасқан екен.. Сіз ақсақалға: «Армысыз, ақсақал!» деп амандассаңыз, ол кісі сізге: «Бар бол, балам!» деп жауап қайтаратын болған.

      Ал енді мына кеңес дәуірінде дінге тыйым салынды да, мұсылманша амандасу, кітаптардағы, кейбір өлең, ауыз әдебиетінің нұсқаларындағы «Алла» деген сөзді алып тастады. Соның ықпалымен қалалықтар «сәлеметсіз бе» -ге көшіп алды. Ал Қытайдағы қазақтар қытайша «ниң хау маның» қазақшасын қолданып («хау ма» – сіз жақсымысыз» дегені), «жақсымыз» дейді. Қазір «ассалаумағалейкум!» деп те, «топ ортаға бір сәлем!» деп те амандаса береміз». (Қ. Жұмаділов, 31. 15.10.2014).

      «Армысың» деген амандасу сұрағына адам «бармын» деп жауап беріп амандасады. Сонда қазіргі «ассалаумағалейкум» мен «уағалейкумассаламның» орнына өткен ғасыр қазағы осылай деп амандасып, әңгімені «ардан» бастағаны ғой.

      «Армысың ба» деген сұрақты «сен арсың ба» деген сұрақ екендігін білеміз, оған «ия, бармын», яғни «арым бар» деп жауап береді. Қарап отырсақ, «ар» деген бейне бір «киелі зат, нәрсе» сияқты, адам өзін адаммын деп есептеуі үшін оның осындай «қасиетті бұйымы» – ары болуы керек екен, әлгі амандасу сұрағы адамның ең басты нәрсе ретінде осы ардың бар-жоғын анықтау болып тұр. Қазақ нашар, ұяты жоқ, көргенсіз, ең алдымен намысы жоқ адамды арсыз адам дейді, адамның ары болмауы – адамды хайуан деумен бірдей. Қазақтағы «жаным – малының садағасы, арым – жанымның садағасы» (басқа айтылу варианттары да бар) (Мысалы, «Малым – жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» – К.О.) деген ұран боларлық сөздің мәні – жан үшін, жер бетінде тірі болып, өмір сүру үшін барлық мал мен байлық-дүниені құрбан етуге болады, ал ар – жаннан-өмірден де қымбат, сондықтан ар үшін өмірімді қиюға бармын дегенді білдіреді. Арлы болу да, арлану да жақсы қасиет екенін де білеміз». (С. Қондыбаев, 62. 140-б.)

      «Сонымен арийлік – нақты айқындалған рух – арий рухы ретінде мойындалуы тиіс. Арий болудың мемлекеттік маңызы бар еді, арийліктер Қостанай қаласының жанында орналасқан Сынтаста және Арқайым қалалары өркениетін құрушылар болып есептеледі. Арийлердің рухы қазақтарға да тән еді. Қазақтардың үлкен қауымға немесе көп болып