Қанат Жойқынбектегі

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап


Скачать книгу

алайын. Кімді атайсыздар?

      – Шоң бауырым, сен поштабай бол десең, мен де қашпаймын, – деді Айсары ақсақал.

      Ол кезде поштабай деген қазақтар арасында орыстардың келуіне байланысты аса беделді жұмыс болатын. Мына сөзді Айсары әдейі жақын ағайындарының біреуін өткізу үшін айтып отырғанын Шоң біле қалды да:

      – Айсеке, сіз келіссеңіз, Елгелділердің ішінен кім поштабай болатын өзім тандап алайын, – деді.

      Айсарының бұған қарсы айтар сөзі таусылып қалғандай.

      – Әрине, әрине дұрыс, – деді.

      Шоң көзімен отырғандарды бір шолып өтті де есікке таман отырған ақсары, он жетіге келіп қалған, қыр мұрынды, орта бойлы жігітке көзін тоқтатты.

      – Мына жігіт қай атаның баласы? – деп Айсарыдан сұрады.

      – Бұл жігіт Төлекбай батыр атамыздың шөбересі Жойқынбек деген азамат болады.

      Шоң Жойқынбек атынан қорқып қалды да, бірақ екі сөйлеген мына Елгелділердің алдында жараспайтынын біліп, үндемей қалған. Телқозы үйі Елгелділерді қонақ етіп жіберген еді. Сол жолы Шоң Жойқынбекті аулында алып қалған. Оңаша отырып Жойқынбекпен әңгімелескен:

      – Сенің атыңды неге Жойқынбек қойған?

      – Айқынбектен кейін әкеміз ер бала көрмей жүріп, мен туғанда Айқынбекке ұйқастырып Жойқынбек деп қоя салған ғой. Өзіме де ұнамайды. Бірақ әкең қойған аттан қалай құтыласың?

      Содан кейін Шоң тағы сұраған:

      – Нешеге келдің?

      – Он бестен он алтыға аяқ бастым.

      Шоң жастау екен деп ойлады. Әлгі адамдардың ішінен тандап алып қалған өзі. Енді басқаны алайын десе ұят боларын түсініп, үндеген жоқ.

      Шоң Күмісті шақырып алып айтқаны: «Мына жігіт бұдан былай біздің үйде тұрады. Осы үйдің бір мүшесіндей көр, тамағын уақытында беріп, киімін жуып тұрасың».

      Сонау күндердің оқиғасы әлі ұмытылған жоқ еді. Күміс Шоңмен онша тіл қатыспайтын. Бірақ осы үйдің келіні есебінде айтқанын екі етпей орындайтын. Телқозының алдында Шоңның үлкен беделі барын білетін. Күміс үндемей кетіп бара жатыр еді, Шоң оның артынан дауыстап:

      – Естідің бе? – деді.

      – Естідім, – деп Күміс басқа тіл қатпай шығып кеткен.

      Жойқынбек тұрып айтты:

      – Шоңке, мен кеткенде ағам Айқынбек үйде жоқ еді. Ол кісі ар жағымыздағы Темештер ауылына кеткен. Мен соған барып айтып келейін. «Хабарсыз кетті» деп ренжіп жүрер.

      Шоң осы бір ауыз сөзінен-ақ жігіттің тәртіпті екенін сезе қалды. Рұқсат берген. Жойқынбек шығып кеткеннен кейін, үйде отырған Телқозы:

      – Шоң, осы Елгелді неге керек, поштабай болатын адамды өз аулымыздан да табатын едік қой, – деді.

      Шоң Жойқынбекті поштабай етіп алып отырғанда, араздасып отырған екі руды жақындастырмақ ойы бар еді. Әкесі дастархан басында айтылған сөздердің бәрін ұмытып кеткенін сезді. Әкесінің мына сөзіне ренжіп қалды да:

      – Телқозы, сіз менің шаруама араласпаңыз. Мен кімді жұмысқа аламын, онда шаруаңыз болмасын.

      Телқозы баласының мына сөзін жақтырмай тысқа шығып кетті.

      Ертеңіне