Қанат Жойқынбектегі

Ел Шоңы. Шаңқай түс. II кітап


Скачать книгу

осы жақтан бізбен ұрыссып кетті ғой.

      – Олар ана орыстармен де тіл табысып отыр. Олар кім, сіздер кімсіздер…

      – Біз олармен тіл табыса алмаймыз. Шоң, мынауың басы артық сөз болып кетті, – деді тағы да Сәтек сөзге араласып.

      Мына сөзден кейін Шоң әңгімені қойған. Елгелдінің үлкендері біраз отырып кеткен. Ел тараған соң Айсары тағы бір әңгіменің шетін көтерді.

      – Шоң бауырым, сенің ана әкең бізді ұры атап, жалпақ елге жайып жүр. Баяғыда бір үйір жылқысын біреулер ұрлап алып кеткен көрінеді. Соны бізден көріп бүкіл елге жайды. Өз туысымыз өзімізді ұры атандырды. Міне, түн жамылып отырмын ғой, Жанкелді балаларын былай қойғанда, біз исі Тоқадан мал ұрламаймыз. Жастардың ондай әдеттері бар, оны жасырмаймын. Мына жақта Қаракесектерден, онтүстіктегі Тамалардан ұрлайтынымыз рас. Өйткені, олардың өздері де ұрлайды. Содан кейін біз де қарап отырмаймыз. Ал әкеңнің Елгелділерді ұрыға қосып жүргені білместіктен болған жағдай.

      – Айсеке, қазақтың бір-бірімен араздасып жүргені осы жылқы ұрлығынан. Содан шатақ шығып жатады. Одан барып ел арасындағы араздық күшейеді. Жалпы, жастарды Каракесектерден де, Тамалардан болсын жылқы ұрлаудан тиғызыңдар.

      – Бұны шығарып отырған Елгелділер емес, баяғыдан дәстүрге еніп кеткен әдет. Оларда аянып жүрген жоқ. Сан жылқымызды ұрлап әкеткен. Біздікі есе қайтару болып табылады. Елгелді қойғанымен басқалар тоқтамайды.

      Шоң Айсарының мына сөзін ұнатпай қалды. Бірақ үндеген жоқ. Ертеңіне Айсарыға айтқан болатын.

      – Айсеке, әр атадан бір-бір адам алып біздің ауылға жүріңдер.

      Айсары Шоңның мына сөзіне түсінбей қалды.

      – Сенің аулыңнан не аламыз?

      – Мен бабам Жанкелдіге құран оқытпақшы едім. Соның ішінде болыңыздар.

      Айсары Шоңның бұл айтқанына қарсы келе алмады. Әкесі Таубайдың өмір бойы Жанкелдімен сыйласып кеткенін жақсы білетін. Ақыры Елгелдіден тараған төрт ата – Сегізбай, Төлекбай, Ізбасы, Бөлекбайдан бір топ адам атқа мінген еді. Шоңның бабам Жанкелдіге құран оқытамын дегені сылтау еді, ойы екі ру арасында көптен бері болып жүрген сөзді қойғызу болатын. Бас-аяғы жиырмаға жуық адамды алып келген. Бұлардың арасында жастары да, кәрілері де бар болатын.

      Телқозы қаптап келген Елгелділерді көргенде әуеліде түкке түсінбей, қорқып та қалды. Өйткені, бұлардың: «Телқозы бізді ұры дейтін көрінеді, соны дәлелдесін!» – деп айтып жүргенін естіген біреулерден. Бір жанжалдың болатынын іші сезіп тұрғандай еді. Және мына даукес Елгелділермен сөз қозғауға ықыласы да жоқ еді. Бұлар, қанында бар ма, сөзге мықты болатын.

      Телқозы Шоңнан сұрады:

      – Мына қаптаған Елгелділер қайдан жүр?

      – Бұл кісілер әкеміз Жанкелдіге құран оқуға келді.

      Телқозы бұл Елгелілер қалай құран оқығыш болып кетті деп ойлады. Баласымен келіп отырған соң сөзді көбейтпей, үндемей қалды. Сәлден соң сыртқа шығып, бір жылқы союға нұсқау беріп, ішке қайта кірді. Елгелділерді жек көргенімен, бірақ баяғы Таубайдың Шоңға берген бір жүйрік тайына риза еді. Одан кейін мініп жүрген атын Шоңға беріп кеткеніне