Тажис Мынжасар

Шежірем сыр шертсе


Скачать книгу

Әлімұлын: Қарасақал, Қаракесек, Төртқара, Шөмекей, Шекті, Кете деп таратса, ал ақын, жырау Қолдайбекұлы Ерімбет (1850–1911) оны: Жаманақ (Шекті), Қарамашақ (Төртқара), Айнық (Қарасақал), Ұланақ (Қаракесек), Тегінболат (Қарасақал), Тайқожадан (Ақ кетеден) тұрады дейді (Интернет. Ру (род) – Шомекей / История происхождения рода / Asekbook Ас Кос. 29.03.2011. Просмотров (10032). Метки: история происхождения рода). Соңғысында, көріп отырсыздар, Шөмекей аталмайды. Сөз жоқ, онда әңгіме Әлімұлы жөнінде емес, Алты ата әлім туралы болып отыр. Алты ата әлім мен Әлімұлын, біздіңше, шатастырып отырған тіпті Ерімбет жырау емес, оның сөзін жаңылыс көшіріп жазушы кейінгі зерттеушіміз бе дейміз.

      Жоғарыда айтып кеттік, тағы да айтамыз. Қызығы сол, сонау кездерден бастап, осыған дейін бірде-бір зерттеуші, "ішің білсін әлу-ай" демекші, өз еңбектерінде осы екі атау-түсініктің жұрт арасында дау-дамай туғызып жүрген осы айырмашылығын атын айтып, ара жігін ашып, дұрыс түсіндіріп бере алмай келеді. Нәтижесінде күні бүгінге дейін өздерін де, өзге оқырмандарын да адастырып жүр. Сондықтан, өз шежіремізде алғаш болып осы мәселенің басын ашып, тігісін жазып берсек дейміз.

      Бірлестік атауын шежіре, деректерде қатар айтылып жүрген «Алты ата Әлім» түсінігімен шатастырмай, ажырата білуіміз үшін оны әрқашан осылай, Әлімұлы деп атағанымыз оңтайлы да дұрыс сияқты. Керек десеңіз, М.Тынышпаев жоғарыдағы еңбегінде бірлестікті «Әлімұлы» емес, "Қаракесек тобы" деп атаған жөн дейді. Сөзінің қисынды болатын себебі Әлімнен тарайтын алты ұл да, Шөменнен өрбитін Шөмекейлер де, кетелер де, бәрі бір ортақ ата Қайырбай-қаракесектен тарайтыны белгілі.

      Мұның дұрыстығын тарихшылар С.Асфандияров, С.Толыбеков, О.Миданов, зерттеуші К.Салғарұлы, шежіреші А.Ахметовтар құптап, қуаттайды. Бірақ ертеде жазылған бүкіл дерлік шежіре, жазуларда бірлестік «Әлімұлы» деп аталып кеткесін шара бар ма. Бірлестіктің «Әлімұлы» аталуы оның негізін сол кездері абырой-атағы асқақтап тұрған әулеттің үлкені Әлім ата құрғандықтан, бірлестікке алдымен соның ұрпақтары кіріп, саны жағынан олардың өзгелерден басым болғандығынан деп санаймыз.

      Әлімұлы бірлестігіне Әлімнің Ұланағы–Қаракесек, Жаманағы–Шекті, Қарамашағы–Төртқара, Айнық пен Тегінболат ұрпақтары–Қарасақал, ал оның Кетебикеден туған Тайқожасы мен осы анадан дүниеге келген Байсарының Бозаншары және әкесі асырап алған Сәду (Ожырай), сонымен бірге Шөменнің Түменқожасы төрт аталық Кете деген лақап аттармен енеді. Ал алтыншы болып, Шөменнің бәйбішесінен туған Шөмекей атымен оның 4 ұлы: Аспан, Бозғыл, Тоқа, Көнек кіреді деп мәселенің басын ашып, кесіп айтпақпыз.

      ТЕГІМІЗДІ ШӨМЕН БАБАДАН ТАРҚАТУ КЕСТЕСІ

      Г.Спасский жазбаларында желдер–джидлер, тоқалар–туки, ал көнектер– куняки деп орысшаланып беріледі.

      2-кесте

      3-кесте

      Алдияр мен Сарт – бір