Бақыт Мәдімкызы

Дерт


Скачать книгу

жатты. Алдынғы қатарда отырған Гүлнұр мен Назгүл апайларының өзін сонша жақсы сезініп отырмағанын байқаған еді. Олар апайларына бір түрлі жанашырлық таныта қарады. Олар «апайға суық тиіп қалған сияқты ғой» деп ойлады.

      – Балалар, бірінші курста теория курсын өтіп эмтиханды бәрің ойдағыдай жақсы тапсырдыңдар. Мамандықтарың бойынша эмтихан алған мұғалімдерің маған «қазақтың балалары үшін қазақ топтары ашылғаны қандай жақсы болды» деп, сендерді мақтады. Мен де сендер үшін қуанып қалдым, жақсы болған екен. Енді міне, «Гармония» пәнін аса зейін салып оқысаңдар өздерің үшін өте жақсы болады. Менің былай деп айтып отырғаным, кейін өз жандарыңнан әуен шығаратын боларсыңдар. Сонда дыбыстарды үйлестіру арқылы сол әуенге сүйемелдеу партиясын жазып шығара аласыңдар. Сондықтан бұл пәнді жақсы меңгеріп алғандарың өздеріңе жақсы болады.

      – Апай, сіз өз жаныңыздан музыка шығардыңыз ба? – деп, Нұрлан қулана қарады оқытушысына.

      – Әрине, мен Қарағанды қаласындағы музыкалық училищеде оқыдым. Сонда оқып жүргенімде музыка шығаруға тырысатынмын. Бірақ ол жазғандарымды біреуге көрсетуге ұялатын едім. Бірақ, сонда да болса мемлекеттік эмтиханға өз шығармаммен шықтым. Ол шығармам «Жас бала» деп аталады. Асқар Лекеровтың өлеңіне жазылған төрт дауысты хор а капелла болды. А капелла – деп, аспаптық сүйемелдеуінсіз орындалатын шығарманы айтады. Әрине, басқа да шығарғандарым бар. Оны өздерің «Музыка сауатының негізі» және

      Балалар музыка мектебіне арналған «Сольфеджио» оқу құралының музыкалық мысалдарына берілген жаттығуларынан байқаған шығарсыңдар. – Апайлары біраз үндемей отырды да, – мына есепті жақсы шығардыңдар, енді тағы бір есеп шығарайық.

      – Айдын, сен шыға ғой. Мына бас дауысына берілген әуенді тақтаға жаз. Осы есепті шығарыңдар содан соң жаңа тақырыпқа көшеміз. Бас дауысы дегеніміз ең төменгі дауыс. Бұл дауыста берілген дыбыстарды үндестіре отырып біз нені анықтап шығарамыз?

      – Негізгі, сопрано партиясын шығарамыз, – деп, балалар жамырай жауап берді.

      Берілген музыкалық есепті бәрі жабылып шығарып болған соң апай жаңа тақырыпты түсіндіре бастады.

      – Жатаханада тұратындардың жағдайлары қалай? Қарындарың ашқан жоқ па? – деп Бақыт тәте үзіліс кезінде балалардан сұрады.

      – Ой, апай, газ жоқ, свет жоқ, тамақты әйтіп-бүйтіп далаға пісіреміз, – деді пысықтау келген Айгүл. – Далада жатқан үш-төрт кірпішті қалап, соның үстіне кастрюляны қойып астына от жағамыз. Басқа амал жоқ.

      – Ойбу… қарақтарым-ай ә… бұл қиындықтардан да құтылармыз, шыдаңдар. Қандай жағдай болса да қарындарыңды ашырмаңдар, денсаулық деген зор байлық.

      Бақыт тәте жұмыстан шығып, автобус аялдамасына қарай бет алды. «Осы маған не болды? Қара терге түсіп, бойымды әлсіздік билегендей болып көрінеді. Дәрігерге барып қаралуым керек шығар,» – деп ойлай берді. Ол кісі осылайша ойлап көлік аялдамасына жетті. Осы жерде осы кісі туралы айтып кеткеніміз жөн болар. Осыдан үш жыл бұрын күйеуі Кәдірхан Бәкейұлы мезгілсіз қайтыс болды. Ол кезде елімізде қиын-қыстаң заман басталып еді.