Бақыт Мәдімкызы

Дерт


Скачать книгу

кезінде Аймен әпкесінің ортаншы ұлы Серік Ленинград (қазіргі санкт Петербург) қаласында ЛИТМО – ны ойдағыдай бітіріп, Бішкек қаласына жолдамамен жұмысқа тұрған. Кейіннен ол өз кәсібін ашып, жұмыссыз қалған Сергей ағасы мен бауыр-қарындастарына жұмыс беріп, өз қанатының астына алды. Бұл кісілердің анасы Бұлжан апа, кенже ұлы Сәбиттің қолында 96 жылдың науырыз айының 27 жұлдызында, 81 жасында бақилық болды. Ал Бақыт тәтенің қайын жұртына келетін болсақ, жоғарыда айттым, жолдасы Кәдірхан Бәкейұлы 1994 жылы мамыр айының 19 күні дүниеден озған деп. Одан сегіз жыл бұрын, яғни 1986 жылы мамыр айының 10 күні, осы әулеттің тірегі болған атасы – Бәкей Жидебаев ақсақал мәңгілікке көзін жұмды. Ол кісі кезінде «Чапай» атындағы колхоздың басқармасы болып, колхозын биік дәрежеге жеткізген және қол астындағы шаруашылығын ғана ойламай, колхозшылардың да жағдайларын жасап отырған. Мысалы, ауыл тұрғындары мәдениетті түрде демалсын деп, ауылдың орталығына киноклуб салдыртады. Ол клуб та «Чапай» атында болады. Осыдан кейін ол кісіні «Жаңа қоғам» колхозына басқарма етіп тағайындайды. Колхоз «Қапал-Арасан» ауылында орналасқан. Бұл колхозды да жоғары дәрежеге жеткізіп, колхозшылардың тегін емделулеріне жағдай жасап, санаторий салдыртып береді. Өкімет Бәкей Жидебаев атаның еңбегін жоғары бағалады. Бәкей ата да, ғұмырлық жолдасы Зағила апа да өте кең, кішіпейіл адамдар болды. Бұл кісілердің шаңырақтарының астына симаған ел жоқ.

      Бір жарым жылдан кейін Жамбыл облысы, Жаңатас қаласында тұратын Камалай деген қайынсіңілісі қан қысымы көтеріліп, 34 жасында дүниеден озды. Артында жолдасы Батырхан және балалары – Эльмира, Аслан, Жазира қалды. Қайнағасы Балхаш аға жолдасы Света (балалары – Гүлмира, Ардақ, Әділет) бала-шағасымен және аналары Зағила апа кенже ұлы Құрметпен Жансүгір ауылында, қара шаңырақтың түтінін сөндірмей, ел қатарлы тұрып жатыр. Ортаншы қайнысы – Бекет, жолдасы Гүлмира (балалары – Сандуғаш, Әділ, Ануар) бала-шағасымен Ақсу ауылында тұрады. Қайынсіңілісі Гүлнәр (баласы – Рүстем) 94 жылдың күзінде, қызмет бабымен Африканың орталығында орналасқан Бужумбури Бурунди мемлекетіне, өзіндей дәрігерлермен бірге кетті. Дегенменде, ол батыр қыз, қайда жүрсе де аман болсын. Біз үшін Африка – ол Сахара, ол джунгли, яғни ит мұрнын кіргізе алмайтын ну орман және қаралар мекен еткен жақ. Қайынсіңілісі Гүлшат, жолдасы Мұрат (баласы – Илиас) отбасымен ауылда ел қатарлы тұрып жатыр. Кейін, Бақыт тәтенің қайынсіңілісі Гүлнәр мен күйеу баласы Телжанның өз ауыздарынан естігендерін осы жерде айта кеткім келеді. 1994 жылдың күз айында, француз тілінің бір жылдық курсын бітіргеннен кейін Африканың орталығында орналасқан Бужумбури-Бурунди мемлекетіне қызмет бабымен Гүлнәрдің жүруі керек болды. Кезінде Орталық Африка мемлекеттері Фрация мемлекетінің отаршылығында болған (отар – империалистік мемлекет басып алған, езіліп, қаналып отырған ел), сондықтан ол ел негізінен француз тілінде сөйлеген. Бірге баратын дәрігерлер бірнеше ай бұрын Африкаға кетіп қалған. Ал Гүлнәрдің олардан қалып қалған себебі, осы жылдың мамыр айының он