Бақыт Мәдімкызы

Дерт


Скачать книгу

өттім.

      Сонымен, Бақыт тәтенің денсаулығы күннен күнге түзелер емес. Бойын әлсіздік билеп, жата бергісі келеді және ешкімнің мазасын алғанын қаламайды. Бірде, осылайша жатқанда

      үйге кенже інісі Сәбит келеді. Үйде, қысқы демалысына келген Қарлығаш пен Сергей інісінің Динара деген қызы бар еді. Інісінің келгенін байқаған тәте:

      – Сәбит, ас үйде бір қап картоп тұр, соның жартысын салып ал да қыздарды да ала кет.

      Лесхозға апарасың ба, Талдықорғанға апарасың ба, өзің біл, – дейді де жата береді. Ол кісі осылайша жатып, есін бірде білсе, бірде білмейтін жағдайға жетеді.

      Үйдегілермен осы қалада тұратын туыстары не болғанын түсінбей дел-сал болады. Төсекте жатқан тәтенің өзі де «маған не болған? Еш жерім ауырмайды, бірақ бүкіл денемді әлсіздік билеп алды. Аяқтарым жүргісі келмейді, шай құйған кесемді екі қолыммен көтеремін,» деп кеииді. Ол кісі тізесінен төмен қарай ісініп тұрғанын байқайды. Осы кезде есіне – ісікті жылқының іш майы тартады, – деген үлкендердің айтқандары түседі. Ол кісі базардан жылқының іш майын алғызып тізесіне тартады. Бірақ бұл әрекетінен ештеме шықпайды.

      Науырыз айының 27 күні анасының қайтыс болған күні. Осыған орай туған-туыстарды, көрші-көлеңді шақырып құдайы тамақ берілетін болды. Алматыдан Аймен әпкесі, жездесі Еркін бала-шағасымен келді. Сондай-ақ, ауылдағы туыстар, құда-құдағилар, көрші-көлеңнің бәрі жиналып Сәбиттің үйінде құдайы тамақ берілді. Бақыт тәте болса осы үйдің жатын бөлмесінде жатыр, өйткені дастархан басына отырар шамасы да болмай қалған еді.

      Сонымен, келесі күні Бақыт тәтені апа-жездесі Алматыға алып кетеді. Алматыда бұл кісілерге туыс болып келетін Меліс аға мен Жақатай тәте бала-шағасымен тұратын. Меліс ағаның өзі де, қызы Айгүл де дәрігерлер. Айгүл Сов. Миннің ауыруханасында қызмет атқаратын. Аймен тәте Айгүлмен ақылдасып, осы ауыруханаға сіңілісін емдетуге жатқызады. Әрине, мұнда Серік жиені қомақты пұлын төлегенсоң ғана науқасты қабылдады. Сонымен, дәрігерлер Бақыт тәтені бастан-аяқ тексеруге кірісіп кетті. Күнде-күнде сараптама жасап, неше түрлі УЗИ тексерістерінен өткізіп, сонымен бірге рентген, компьютерлік диагностика жасап бір қортындыға келді де емін белгіледі. Және Талдықорғанның тубдиспансері қойған диагнозды жоққа шығарды. Бақыт тәте дәрігердің Аймен әпкесіне айтып жатқан сөздерін естіп қалды. Дәрігер былай деген еді:

      – Бұл кісі күшті антибиотиктер қабылдаған және қатты күйзеліске түскен. Бүгінгі таңда мұндай дерт өте сирек кездеседі. Бұл қанның құрамының бұзылуына байланысты. Ал қанның құрамының бұзылуы ішкі ағзасына зиянын келтірмей қоймайды.

      – Бұл дерттің емі бар ма? Сіңілім жазыла ма? – деп, Аймен әпкесі уайымдай бастайды.

      – Уайымдамаңыз, қолымыздан келгенінің бәрін істейміз. Күнде-күнде қанын сараптама тексерісіне алып тұрамыз, – деп, дәрігер палатадан шығып кетеді.

      Келесі күні медбике келіп Бақыт тәтенің саусағынан тағы қан алып жатқанда:

      – Күнде, күнде саусағымнан қан ала бересіңдер ме? Мен өте қырсық адаммын, – деп, тәте медбике қызға ренішін білдіреді.

      – Ия апай, мен де қырсықпын. Қаныңызды күнде