Бақыт Мәдімкызы

Дерт


Скачать книгу

адам ағзасының қоршаған ортаға бейімделуі). Гүлнәр қалалық госпитальда (Лор), ал Телжан әскери госпитальда (Нейрохирург) өз міндеттерін атқарып, қызу жұмысқа кіріседі. Тып-тыныш жатқан бейбіт елден барған бұларға бір-бірін қырып жатқан елді, қантөгісті көру оңай тиген жоқ. Әсіресе жаңа барған Гүлнәрға қиын болды, ал Телжан болса 1986 жылдан бастап осы елде қызметін атқарып келеді, дегенмен де оның еті үйреніп қалған ғой және де бойында батылдық жігері бар ер азамат ештемеден қорқпайды ғой. Телжанның өзі ұстанған мынандай қағидасы бар: «ажал келсе тып-тыныш отырып-ақ, қайда болсам да өліп қаламын, ажал келмесе соғыста жүрсем де өлмеймін» дейтін еді. Негізінде Телжанды – сегіз қырлы, бір сырлы жігіт» – десек қателеспейміз.

      Бірде, қалалық госпитальға соғысып жүргендер кіріп кетіп, Калашниковтың автоматымен жан-жаққа оқтарын жаудырта бастаған екен. Мұндай сұмдықты көрмеген Гүлнәр оқшау орналасқан бұрышқа отыра қалады. Не істерін білмей, зөресі ұшып, қорқып отырған жерінен Телжан тауып, алып шыққан екен. Мұндай-мұндай жағдайлар көп болған ғой, бірақ олар бәрін айта бермейді. Кейін өздері бастарынан өткен шытырман оқиғаларын жазып, кітап шығаратын шығар деп ойлаймын, өйткені олар жазатын тақырып жетіп артылады.

      Гүлнәр екі жылдан кейін еңбек демалысына шығып ауылға келеді. Гүлнәрдің ауылға келгенін естіген Бақыт тәте қызы Қарлығашқа:

      – «Алыстан алты жасар бала келсе, алпыс жастағы қария барып сәлем береді» деген ата-бабмыздан қалған жақсы сөз бар. Гүлнәр көкең демалысын алып келіпті, барып амандасып келейік, хал-жағдайын білейік, – дейді.

      – Жақсы болды ғой, көкеммен амандасып келейік! Как у нее дела, какая стала? – деп Қарлығаш қуанып кетеді.

      – Көкең Африкадан кап-қара болып келген шығар, – деп анасы қалжыңдайды.

      Талдықорғаннан шығып, екеуі ауылға келеді. Гүлнәрдің аман-есендігін көріп қуанып қалады. «Африкада тұрып келсең де қараймапсың ғой,» деп күлді бәрі. Елдегілер алыста жүрген бұлардың тілеулерін тілеп, «қайда жүрсеңдер де аман болыңдар» деп отырады. Телжан мен Гүлнәр демалыстарына келген сайын АҚШ долларларын елдегілерге шашу етіп шашып кетеді. Әрқайсысына жүз, екі жүз доллардан қолдарына ұстатып кетеді. Олар үшін жүз доллар дегенің тиын шығар, ал елдегілер үшін ол көп-көрім ақша. Ең маңыздысы, бұлардың доллар бергендерінде емес, қайда жүрсе де олардың аман-есен жүргендерінде. Бірде, қонақта отырғанда, «самое главное – что вы привозите домой доллары» деп, балам айтты, деп, Мақсұт жолдастары айтып күлген еді. Ол әлі оқушы бала ғой, оған бәрі оңай сияқты болып көрінеді. Ал бұл долларлардың қандай еңбекпен келетінін ешкім ойламайды, өйткені олардың қандай жағдайда жүргендерін түстерінде де көрген емес. Телжан күйеу бала ООН – ның ерікті мүшесі болып табылады (ООН – Біріккен Ұлттар Ұйымы). ООН қайда жіберсе, Телжан сонда және бұл ұйым адамды қайда болса сонда жібермейді ғой, қай жерде қызу қарбалас, апат, соғыс, бір сөзбен айтқанда дәрігердің шипалы қолы қай жерге қажет болса сонда жібереді. Ал енді