Бақыт Мәдімкызы

Дерт


Скачать книгу

көрсетті. Бір күні медбике келіп:

      – Тәте, дәретханаға үш литрлік шыны банка мен бірнеше екіжүз грамдық шыны банкаларды қойдым. Сол шыныларға зәріңізді жинаңыз, – деді тәтеге қарап.

      – Сонша зәрді қалай жинаймын? Ол мүмкін емес қой! – деп тәте біртүрлі болып қалды да күліп жіберді.

      – Бүгін, ертең жинағаныңызша жинаңыз, ол сараптама өткізу үшін қажет, – деп медбике жымиды да палатадан шығып кетті.

      Медбикенің осы сөзін естіген Аймен тәте, «си, си» деп, сіңілісінің мазасын ала берді.

      – Ақырындап жинап жатырмын ғой енді! – деп, Бақыт тәтенің дауысы қаттырақ шығып кеткенге ұқсайды, өйткені мұны естіп қалған медбике қатаң үнмен:

      – Да оставьте вы в покое Мадимову! – деді Аймен тәтеге қарап.

      Осыдан кейін Бақыт тәте заболды да, «ал ендеше» деп, бір шыныға отырған зәрін кішкене шынылардың бәріне бөліп құя салды да орнына барып жатты. Әпкесі өзінің палатасында күре тамырынан система алып жатыр еді. Осы кезде бұл кісілердің кенже бауыры Сәбит жолдасы Қадишамен палатаға кіріп келді.

      – Аманбысың, Бақыт? Халың қалай? Тәуір болып қалдың ба? – деп, інісі әпкесінің бетінен сүйді.

      – Сәлеметсіз бе, жағдайыңыз жақсы ма? – деп, келіні де халын сұрап бетінен сүйіп жатыр.

      – Қазір жақсымын. Үйден келесіңдер ме? Өздерің қалайсыңдар, балалар аман-есен бе?

      – Бәрі аманшылық. Біз Тараздан келеміз, – деді Сәбит бауыры. – Балаларды көктемгі демалысына орай нағашыларына апарып келеміз.

      – Сендер машинамен жүрсіңдер ме? – деп, шыдамсыздана сұрады әпкесі.

      – Ия, машинамен жүрміз, енді үйге қайтып барамыз, – деп жауап берді Сәбит.

      – Көрші палатада Аймен жатыр, соған барыңдар, – деп, Бақыт тәте қояр да қоймай бауыры мен келінін Аймен әпкесіне жіберді.

      Сәбит пен Қадишаның ойларында ештеме жоқ, палатадан шығып кетті.

      Осы палатадағы екінші төсекте бір науқас емделіп жатыр деп жоғарыда айттым. Ол кісі Бақыт тәтенің мына қылығына таңқалды және дертінің аса оңай еместігін де, сары уайымға салынғанын да байқаған еді. Бауыры мен келінін көрші палатаға жібере салып, Бақыт тәте орнынан тұрып, шкафтан пальтосын алып киді де «үйге кеттім» деп, дәлізге шығып кетті. Далаға шығып, бауырының көлігінің арт жағына жайғасты. Көліктің ішінде бауырының екі ұлы отыр екен. Олар – Еламан мен Елдос, мектеп оқушылары. Еламан жоғарғы сыныпта, ал Елдос бастауыш сыныпта оқиды. Тәтенің көлікке жайғасып отырғаны сол еді әпкесі, бауыры, келіні, соңдарынан медбике мен дәрігер келді.

      – Түс машинадан, түс деймін! Еміңді соңына дейін ал! Қазір недәуір жақсы болып қалдың ғой! – деп, әпкесі жылап, пальтосының жағасынан ұстап өзіне қарай тартса да Бақыт тәте оңайлықпен түсер емес.

      – Түспеймін, үйге барамын! – деп, тәте бой бермеді.

      – Қанша ақша төленді мында, білесің бе!? – деп әпкесі шырылдап жүр.

      – Білемін, ақшаңды кейін қайтарамын.

      – Жарайды, тиіспеңіз ол кісіге. Диагноз қойылды,